Оқу жылының аяқталу рәсімі

Оқу жылының аяқталу рәсімі

Біздің оқу жылымыз жұма күні, 15 маусымда, оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды.

Биыл салтанатты рәсімнің құрметті қонағы болып Монтереедағы Миддлбери халықаралық зерттеу институтының халықаралық саясат және даму Профессоры Цунео Акаха мырза келді. Акаха мырза өзінің сөзінде қазіргі уақыттағы шектеусіз әлемде «Әлем азаматы» болып, ортақ мақсат, тәжірибемен бөлісудің қаншалықты маңыздылығы барына тоқталды. 


2015 жылғы түлегіміз Уәлихан Әбдіралиев – Ұлыбританиядағы беделді университеттердің бірі Durham University- дің студенті. Қазіргі озық технологиялық заманда жастардың бойында интелектуалдық қасиетпен қатар, болашақта жоғары мансапқа жету жолында  тағы да қандай қасиеттер қажет болатынын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.  

 Біздің тамаша Head Boy және Head Girl  Владимир мен Дария өздерінің мектепке алғашқы келгендегі қызықты сәттері, кездескен қиындықтары және тосқауыл мен жеңілістерге қарамай  жетістікке жетудің қаншалықты маңыздылығы туралы айтты. Сонымен қатар келесі оқу жылына жаңа  Head Boy мен Head Girl  жарияланды. Ол туралы біз келесі хабарландыруымызда айтатын боламыз. 


Биыл Хаустар арасында жеңімпаз атанған Киплинг хаусын үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Мектептің үздік оқушылары 100 % қатысу көрсеткіштері бойынша және үздік оқығандары мен оқуға деген зор ынталары үшін медаль, сертификаттармен марапатталды.  Мектеп Директорының ерекше марапаттауын Маел мен Нуне Грол (Кіші мектеп) және Айшабибі Әшімбекова (Жоғарғы мектеп) иеленді. Еламан Саин мектептің негізін қалаушылардың бірі Алистер Бартоломьюнің бекіткен  «Мектептің қоғамдастығы алдындағы ерен еңбегі үшін» беделді марапатымен марапатталды. 

Біз барлық оқушылар мен ата-аналарды, мұғалімдерді кезекті академиялық оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз. Алдағы уақытта мол шығармашылық табыс мен амандық тілейміз!


Демалыстарыңыз сәтті өтсін! Алдағы жаңа оқу жылында, тамызда,  кездескенше!

Speech Day and Prize Giving Ceremony 2018

Жаңалықтар
30.06.2020
Үздік АҚШ университеттерінде оқу
Біз сіздің АҚШ-та оқып, өмір сүру туралы барлық сұрақтарыңызға жауап береміз!
26.06.2020
Service to others
Қоғамға қызмет ету – Haileybury мектебінің басты құндылығы.
26.06.2020
Францияның "Гарварды" атанған Science Po университетінде оқу
Біз әлемнің үздік университеттерінде оқитын Haileybury түлектері өткізетін онлайн-вебинарларды жалғастырамыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

22.06.2020 Мектеп жазғы демалысқа жабылады.

Біздің басшылығымыз Haileybury мектептерін қайта ашуды жоспарлауда тығыз жұмыс істеуде, және біз тиісті органдардан растау алғаннан кейін барлық отбасыларды мектептің ашылу күні туралы хабардар етеміз.

Қазіргі уақытта біз 2020 жылдың тамыз айында жаңа орындарға шектеулі ғана өтінімдерді қабылдаймыз. Біздің мектепке түсу туралы көбірек білгіңіз келсе, оқушыларды қабылдау бөліміне хабарласыңыз: admissions@haileyburyalmaty.kz.