Haileybury Almaty бірегей таланттары - Cobis Art Competition 2023 "Мен кіммін?"

Британдық халықаралық мектептер кеңесі (COBIS) - дүние жүзі бойынша 400-ден астам британдық мектептерді қамтитын халықаралық бірлестік. Осы ұйымның құрамына кіретін барлық мектептер жоғары сапалы британдық білім беру саясаты мен құндылықтарын ұстанады. Haileybury Almaty COBIS мүшесі ретінде оқушыларының осы ұйым ұйымдастыратын түрлі байқауларға белсенді қатысуын қолдайды. Жақында 12-сынып оқушысы Альбина Т. өнер сайысына қатысып, өзінің ерекше талантын көрсетті. Альбинаның суреті қазылар алқасының көптеген қошеметіне ие болып, COBIS ұйымының ресми сайтында жарияланды. Шын жүректен құттықтаймыз!#HaileyburyAlmaty #COBIS #өнер #байқау

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат