- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Мектеп 3D-экскурсиясы
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
17 жылдан астам уақыт ішінде мектебіміз жоғары академиялық деңгейі, берік құндылықтары және түлектерінің үздік университеттерге түсу нәтижелері арқылы үлкен бедел қалыптастырды. 2008 жылы 180 оқушымен бастаған мектебіміз бүгінде халықаралық деңгейде танылған, беделді британдық мектептердің біріне айналды. Енді біз дамуымыздың жаңа әрі маңызды кезеңіне қадам басқалы отырмыз.
Енді біз жаңа әрі шабыттандыратын кезеңге қадам басқалы отырмыз.
Бұл өзгеріс мектептің кұндылықтарын сақтай отыра, оқушылар, мұғалімдер және бүкіл мектеп қауымдастығы үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.
Ең бастысы:
• Балаларыңыздың мұғалімдері мен тьюторлары өзгермейді
• Академиялық бағдарламалар мен емтихан жүйелері сол күйінде қалады
• Университетке дайындық жалғасады
• Pastoral care және wellbeing басты назарда болады
• Үй жүйесі, достық қарым-қатынастар және мектеп мәдениеті сақталады
• Стипендиялық бағдарламалар жалғасады
• Мектептер бұрынғыдай not-for-profit қағидатымен жұмыс істейді
Бұл — ұзақ мерзімді білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзара тиімді серіктестік.
Бұл жаңа кезең бізге ауқымдырақ ойлауға мүмкіндік береді.
Wellington College International-пен бірге біз әлемдегі ең инновациялық білім беру топтарының құрамындағы екі мықты мектеп болуды мақсат етеміз.
Біздің мақсатымыз — Орталық Азиядағы жетекші мектеп мәртебесін сақтап қана қоймай, әлемнің кез келген жерінде табысқа жете алатын жастарды тәрбиелейтін халықаралық деңгейдегі мектеп болу.
Haileybury UK пен Алматы және Астана қалаларындағы мектептеріміз арасындағы ресми қарым-қатынас 2027 жылғы тамыз айында аяқталады. Осы кезеңнен бастап біздің мектептеріміз әлемдегі ең беделді әрі кеңінен танылған халықаралық мектептер желілерінің бірі — Wellington College-бен стратегиялық серіктестікке көшеді.
Бұл ауысу мұқият жоспарланып, оның басты басымдығы — оқу үдерісінің сабақтастығы мен мектеп қауымдастығы үшін тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Ауысу кезеңі 2027 жылдың жазына дейін жалғасады.
• Осы кезең ішінде мектептің қазіргі құрылымы сақталады.
• Wellington College-бен серіктестік 2027–2028 оқу жылынан бастап ресми түрде басталады.
• Брендке кезең-кезеңімен көшу үдерісі айқындық пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Жоқ.
Оқу бағдарламасы, емтихандар, сабақ кестесі және университетке дайындық қалыпты тәртіпте жалғаса береді.
• IGCSE, A Level және IB бағыттары бұрынғыдай жалғасады.
• Емтихан тапсыратын сыныптарда (10–13-сыныптар) оқу үдерісінің үздіксіздігі толық қамтамасыз етіледі.
• Әкімшілік үдерістердің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін емтихан кеңестері мен университеттерге тиісті ақпарат беріледі.
Балаңыздың оқу барысы мен академиялық ілгерілеуі толық қамтамасыз етіледі.
Иә.
Мектеп директоры, басшылық құрам және қызметкерлер өз жұмысын жалғастырады.
Оқушылар өз мұғалімдерімен, тьюторларымен және үй жетекшілерімен күнделікті байланысын сақтай отырып, үйренген оқу ортасында білім алуды жалғастырады.
Wellington College-бен серіктестік қызметкерлердің кәсіби дамуына арналған мүмкіндіктерді кеңейтеді. Атап айтқанда:
• “The Bridge” — Wellington College-нің халықаралық кәсіби оқыту және даму платформасы;
• Global Heads’ forums;
• Мұғалімдердің халықаралық деңгейдегі кәсіби ынтымақтастығы;
Оқу бағыттарын өзгерту жоспарланып отырған жоқ. Дегенмен, оқушыларға ең жақсы мүмкіндіктерді ұсыну мақсатында олар тұрақты түрде қайта қаралып, бағаланып отырады.
Біз төмендегі бағдарламаларды ұсынуды жалғастырамыз:
• IGCSE
• A Levels (Алматы)
• IB Diploma (Астана)
• Haileybury Diploma (WASC немесе NEASC арқылы)
Болашақта қандай да бір жақсартулар енгізілетін болса, олар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, бұл туралы нақты әрі уақтылы хабарланады.
Емтихан тапсыратын сыныптардағы тұрақтылық — біздің басты басымдықтардың бірі.
• Таңдалған пәндер өзгеріссіз қалады.
• Емтихан кеңестері өзгеріссіз қалады.
• Университетке тапсыру үдерісінде қажет болатын алдын ала бағалар мен ұсыным хаттарды қазіргі Sixth Form басшылары және олардың командалары дайындап, үйлестіреді.
10–13-сынып оқушыларының оқуына ешқандай кері әсер болмайды. Керісінше, олардың мүмкіндіктері кеңейе түседі.
Иә.
Wellington College-бен серіктестікке көшу барысында қазіргі оқушылардың барлығына мектептегі орындары кепілдендірілген түрде сақталады.
Бір отбасынан шыққан балаларға берілетін басымдық тәртібі де өз күшінде қалады.
Осы хабарландыруға байланысты оқу ақысына бірден өзгеріс енгізілмейді.
Болашақта оқу ақысына қандай да бір өзгерістер енгізілетін болса, олар әдеттегі жыл сайынғы қайта қарау тәртібі аясында қарастырылып, бұл туралы алдын ала тиісті түрде хабарланады.
Иә.
Оқушылардың жетістіктерін бағалау біз үшін әрқашан маңызды болып келген. Сол себептен сапалы білім алуға қолжетімділікті қолдау жұмысы бұрынғыдай жалғаса береді.
Стипендиялар мен қаржылық қолдау бағдарламалары жалғаса береді. Сонымен қатар, мектептегі оқушылар саны артқан сайын, мұндай қолдау мүмкіндіктерін кеңейту көзделеді.
Бұл — тиісті ұйымдар арасында келісілген стратегиялық шешім.
Халықаралық мектептер арасындағы серіктестіктерде ұйымдардың құрылымы кейде әр тараптың стратегиялық даму бағытына қарай өзгеріп отырады. Бұл ауысу екі тараптың бірлесуімен, жауапкершілікпен жоспарланды.
Қазіргі басты назар — мектептеріміздің ұзақ мерзімді тұрақтылығын нығайтуға және олардың әлемдегі жетекші білім беру ұйымдарының бірі ретінде әрі қарай дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Жоқ. Керісінше.
Ұлыбританиядағы Wellington College 1853 жылы Виктория ханшайымның бастамасымен құрылып, бүгінде әлемдегі ең беделді әрі тарихы терең халықаралық мектептер желілерінің бірі болып саналады.
Бұл серіктестік мектептерімізге төмендегідей мүмкіндіктер береді:
• Wellington мектептерінің жаһандық желісіне қосылу (қазіргі таңда 11 мектеп);
• оқушылардың тұлғалық дамуын қолдаудағы жетекші тәжірибе;
•жасанды интеллект пен білім беру зерттеулері саласындағы инновациялар;
• халықаралық алмасу мүмкіндіктері;
• мұғалімдердің кәсіби дамуын кеңейту;
• әлемнің ең үздік білім беру мамандарын біріктіретін білім беру фестивальдеріне қатысу мүмкіндігі.
Бұл — мектебіміздің жаһандық деңгейдегі орнын нығайтып, стратегиялық тұрғыдан жаңа даму кезеңіне өтуі.
Оқушылар төмендегідей мүмкіндіктерге ие болады:
• Wellington-ның халықаралық желісі аясында алмасу бағдарламаларына қатысу;
• сабақтан тыс іс-шаралар бойынша кеңейтілген ынтымақтастық;
• мектептер тобы ішінде және одан тыс деңгейде өтетін халықаралық байқауларға қатысу, сондай-ақ көшбасшылық бастамаларды дамыту;
• Ұлыбританиядағы Wellington College-нің университетке дайындық орталығы арқылы британдық жоғары оқу орындарына түсуге бағытталған жеке қолдау мен дайындық;
• әлемдік деңгейдегі білім беру зерттеулері мен инновациялық тәжірибелерге қолжетімділік.
Біздің негізгі құндылықтарымыз — оқуда жоғары нәтижеге ұмтылу, мейірімділік, қауымдастық рухымен тұлғалық өсу — бұрынғыдай басты назарда болады.
Бұл ауысу мектепте қалыптасқан жоғары мәдениетті алмастырмай, керісінше оны әрі қарай дамытуға негіз болады.
Wellington College де біз сияқты оқушыны жан-жақты дамытуға бағытталған білім беру философиясын ұстанады. Бұл тәсілде мінез-құлық, эмоционалдық саулық және академиялық жетістік бірдей маңызды саналады.
Біз ашық әрі нақты коммуникацияны қамтамасыз етуге мән береміз.
Алдағы кезеңде келесі жұмыстар жүргізіледі:
• әр кездесуде нақты бір тақырыпқа арналған PPP іс-шаралары;
• арнайы веб-парақша;
• тұрақты түрде жазбаша ақпарат жолдау.
Ата-аналар кез келген сұрақ бойынша мектеп басшылығына тікелей хабарласа алады.
Мектептің басқару құрылымдары мен акционерлері мектеп қызметіне бұрынғыдай мықты бақылау мен қолдау көрсетуді жалғастырады.
Wellington College-бен серіктестік жергілікті деңгейдегі тиімді операциялық басқаруды сақтай отырып, қосымша халықаралық білім беру тәжірибесін енгізуге мүмкіндік береді.
Қосымша мәліметтер Wellington College-бен серіктестікке көшу кезеңінде ұсынылады.
Брендке көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Мектеп формасына қатысты дереу өзгерістер талап етілмейді.
Жаңа мектеп формасы 2027 жылдың қыркүйек айынан бастап енгізіледі.
Болашақта қандай да бір өзгерістер болатын болса, олар туралы алдын ала, жеткілікті мерзім бұрын хабарланады.
Өтпелі кезеңде бірізділікті сақтау және қолданыстағы мектеп формасын қажетсіз ауыстырудың алдын алу үшін екі брендті қатар қолдану қарастырылады.
Оқушылардың университетке түсу үдерісі бұрынғы тәртіппен жалғасады.
Университеттер үміткерлерді келесі көрсеткіштер негізінде бағалайды:
• оқу үлгерімі;
• емтихан нәтижелері;
• ұсыным хаттар;
• жеке мәлімдеме / мотивациялық эссе.
Мектептегі университетке бағыт-бағдар беру жүйесі өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар, Wellington College-дегі Universities Pathways бағдарламасы арқылы Ұлыбритания университеттеріне түсу бойынша арнайы кәсіби кеңес алуға мүмкіндік болады.
Осы кезеңде:
• ата-аналар тарапынан қандай да бір әрекет талап етілмейді;
• балаңыздың оқу үдерісі әдеттегі тәртіппен жалғасады;
• алдағы ата-аналар форумдарына қатысуға шақырамыз. Бұл кездесулерде балаларыңыз үшін ашылатын жаңа әрі қызықты мүмкіндіктер туралы толық ақпарат беріледі.
Мектеп басшылығымен тікелей сөйлескіңіз келсе, жеке кездесулер мен талқылауларға да ашықпыз.
Бұл жаңа серіктестік — мұқият жоспарланған әрі болашаққа бағытталған даму кезеңі. Ол мектептің жоғары сапалы білім беру дәстүрін сақтай отырып, осы жетістіктерді одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Басты мақсат — мектептің әлемдік деңгейдегі жетекші білім беру ұйымдарының бірі ретінде қалыптасуына берік негіз жасау.
Сіздердің алдарыңыздағы міндеттемеміз өзгеріссіз қалады. Біз үшін келесі бағыттар өзгеріссіз басымдық болып қала береді:
• тұрақтылық;
• жоғары академиялық нәтижелер;
• оқушыларға жан-жақты қамқорлық;
• қызықты жаһандық мүмкіндіктер.
Біз бұл жаңа кезең мектебіміздің Орталық Азиядағы жетекші британдық халықаралық мектептердің бірі ретіндегі орнын нығайтып қана қоймай, әлемдегі ең алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болуына мүмкіндік береді деп сенеміз.
Біздің оқушылар үшін бұл — жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кезең.
Ата-аналар үшін бұл — балалары әлемдік білім беру саласындағы ең заманауи бастамалармен байланысқан халықаралық мектеп қауымдастығының бір бөлігі болады деген сенім.
Ал мектептеріміз үшін — үлкен мақсаттарға ұмтылып, болашаққа нық қадам басатын жаңа кезеңнің бастауы.
Бұл — бірге жеткен жетістіктерімізге сүйеніп, болашаққа сеніммен қарайтын жаңа тарау.
Тарихымызды қадірлейміз.
Болашаққа сеніммен қадам басамыз.