Ата-аналар күні - 2021

Біз сіздерді Haileybury Almaty-2021 виртуалды Ата-аналар күнінде қарсы алуға қуаныштымыз.

Директор мен директор орынбасарының алғысөзі
Директордың құттықтау сөзі
Директордың құттықтау сөзі
Директор орынбасарының ата-аналар күніне байланысты кіріспе сөзі
Директор орынбасарының ата-аналар күніне байланысты кіріспе сөзі

Ата-аналар күніне байланысты директор орынбасарының хабарламасы

"2021 жылғы Ата-аналар күніне қош келдіңіздер!

Бүгінгі күн балаңыздың академиялық дамуы мен әл-ауқатын қоса алғандағы жетістіктерін талқылауға тамаша мүмкіндік. Пандемия кезінде бүкіл әлем оқушылары қиындықтарға тап болды, оған жаңа білім беру тәсілдері арқылы жауап беруге тура келді. Онлайн оқу барысында болсын, кезекші сыныптарда болсын, біз Haileybury мектебінің әр оқушысы көрсеткен батылдылық мен тапқырлыққа мақтанамыз. Үй мен мектептің арасындағы байланыс қазір бұрынғыдан да маңызды, сондықтан кез-келген сұрақ қоюыңыз немесе өз пікірлеріңізді қалдыруңыз өте маңызды.

Ата-аналар күнінің сәтті өтуіне тілектеспіз".

Негізгі байланысушы тұлғалар

Бастауыш мектебі

Бастауыш мектептегі алғашқы байланыс нүктеңіз - балаңыздың сынып жетекшісі. Осыдан кейін сіздің балаңыздың Жылдық Топ жетекшісі кез-келген сұрақтарыңызға жауап береді.

Жоғары мектебі

Жоғары мектептегі алғашқы байланыс нүктеңіз - балаңыздың Хаус тәрбиешісі. Тәрбиешіден кейін кез-келген сұрақтарыңызға балаңыздың Хаусмастері немесе Хаусмистресі қуана-қуана жауап береді.

Ата-ана порталы

iSAMS Ата-аналар порталы мектепті сізбен байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Порталға кез-келген құрылғыдан қосымша ретінде немесе веб-сайт ретінде кіруге болады. Порталдың кейбір негізгі ерекшеліктеріне тоқталып кетсек, олар ата-аналардың электрондық поштаға, оқушының профиліне және барлық академиялық есептерге қол жетімділігі.  

Ата-аналар порталына қалай кіруге болады
Haileyburyalmaty.parents.isams.cloud өту

ISAMS Ата-аналар порталына кірудің қарапайым нұсқаулығы

Егер сіз кұпия сөзді ұмытып қалсаңыз, экрандағы анықтаманы орындаңыз. Егер бұл сіздің мәселеңізді шешпесе, ITSupport@haileyburyalmaty.kz мекен-жайы бойынша компьютерлік қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Біздің оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері

Мектеп өмірінен бірнеше әңгіме
Бастауыш мектептің музыкалық концерті
Бастауыш мектептің музыкалық концерті
Reception сыныптарындағы суперқаһармандар күні
Reception сыныптарындағы суперқаһармандар күні
Бастауыш мектептің музыкалық концерті
Бастауыш мектептің музыкалық концерті
 "Christmas for orphanages" жобасы
"Christmas for orphanages" жобасы
A-Level бағдарламасын аяқтағаннан кейін университетте қалай стипендия алуға болады?
A-Level бағдарламасын аяқтағаннан кейін университетте қалай стипендия алуға болады?
STEM дегенымыз не?
STEM дегенымыз не?

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат