Haileybury 2021 ішкі гранттары

Haileybury 2021 ішкі гранттары

Haileybury 2020 ішкі грант жеңімпаздарын құттықтаймыз! Биылғы IGCSE емтихандарында кейбір оқушылар ерекше академиялық жетістіктерге ие болды және біз сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз! 
Haileybury Almaty-да біз барлық оқушыларымызды және олардың жетістіктерін өте жоғары бағалаймыз, сондықтан 11-сынып оқушыларына Sixth Form-ға түсу кезінде Haileybury ішкі грантын алуға мүмкіндік береміз.   
Haileybury Almaty Sixth Form бағдарламасында біз әр оқушыға әлемнің ең жақсы университеттеріне түсуге ерекше мүмкіндік сыйлаймыз. Haileybury ішкі грант иегері қаржылық жеңілдікке және академиялық көшбасшы атағына ие болады. Сонымен қатар, Haileybury Almaty грант иегерлері байытылған стипендиялық бағдарламаға сай білім алады, осылайша біз олардың тәжірибесін қолдаймыз, әрі кеңейтеміз және оларды ең жақсы жетістіктерге дайындаймыз. Haileybury грант иегерлері ұсынылған қосымша мүмкіндіктер мен байыту бағдарламаларынан үлкен пайда көре алады деп сенеміз.    
Біз IGCSE бағдарламасында жоғары оқу жетістіктерін көрсете алатын оқушыларға көптеген ішкі академиялық гранттар ұсынамыз. Оқушылар Sixth Form-ға түскенге дейін Haileybury Almaty-да кем дегенде 2 жыл оқыған болуы керек. Оқушыларға төмендегі критерийлерге сәйкес, IGCSE жетістіктері негізінде қола, күміс немесе алтын грант немесе мамандандырылған грант ұсынылады.
Алтын академиялық грант IGCSE пәндерінен кем дегенде 7 A* бағасына және кем дегенде бір A/B бағасына ие болған оқушыларға беріледі. 
Күміс академиялық грант IGCSE пәндерінен 5 A* бағасына және басқа IGCSE пәндері бойынша кем дегенде 3 A/B бағасына ие болған оқушыларға беріледі.    
Қола академиялық грант IGCSE пәндерінен 3A* бағасына және басқа IGCSE пәндері бойынша кем дегенде 5 A/B бағасына ие болған оқушыларға беріледі.    
   
Сонымен қатар қосымша мамандандырылған гранттар бар:
 
Математика олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен, математика пәнінен A* бағасына ие болған оқушы математика пәнінен грант иегері атанады
Үш ғылым бойынша А* бағасына ие болған, ғылым олимпиадасында ең жақсы нәтиже көрсеткен оқушы ғылым пәнінен грант иегері атанады  

Барлық 11-сынып оқушыларына осы гранттардың бірін иеленуге сәттілік тілейміз және оқушыларымызға еңбекқорлығы үшін алдын-ала алғыс айтамыз.

Жаңалықтар
24.04.2024
Арайды қыздарға арналған математика бойынша Еуропалық олимпиададағы жүлделі орынмен құттықтаймыз!
Ең дарынды жас математиктермен бәсекелес болған Арай өзінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, үйіне қола медальмен оралды!
22.04.2024
Руйханның инженерлік және музыкалық таланты
Руйхан Imperial College London, Cornell University, King ' s College London, Durham University, Georgia Tech және Boston University сияқты әлемдегі жетекші инженерлік университеттерден шақырулар алғанын қуана хабарлайды.
17.04.2024
Альмина беделді Браун университетіне оқуға түсті
Haileybury Almaty Альминаны көрнекті жетістігімен - Айви лигасының құрметті мүшесі және АҚШ-тың 9-шы үздік университеті болып табылатын Браун университетіне түсуімен - құттықтауға қуанышты!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат