MIT студенттері Haileybury Almaty-да бір ай бойы инновациялық және шабыттандыратын сабақтар өткізеді!

Құрлықтар арасындағы білім алмасу: MIT x Haileybury Almaty 

Осы жылдың қаңтар айында Haileybury Almaty мектебіне QS World University Rankings рейтингінде 1-ші орында тұрған MIT студенттері Дейл мен Элиана келді. 

Олар мектебімізге беделді MISTI (MIT International Science and Technology Initiatives — ғылым және технологиялар саласындағы халықаралық бастамалар) бағдарламасы бойынша келді. Бұл бағдарлама аясында MIТ-дің ең қабілетті студенттері STEM саласындағы инновацияларды ілгерілету үшін дүниежүзілік мектептерде практикалық сабақтар өткізеді. 

🧪”Химиялық инженерия” факультетінің студенті Дейл химия және биология сабақтарын өткізеді және оқушыларымызбен қызықты ғылыми эксперименттер жүргізеді.

🌎 “Жер және компьютер ғылымы” факультетінің студенті Элиана оқушыларымызға деректер және Жер туралы ғылым не екенін айтып береді, олардың оқу үдерісіне тың идеялар әкеледі.

Олар бір ай бойы сабақ береді, семинарлар өткізеді және әртүрлі сынып оқушыларымен өзара әрекеттеседі. Біз оларға ынтымақтастық пен білім алмасудың керемет мүмкіндігі үшін өте ризамыз және олар оқушыларымыздың қызығушылығын арттырып, оларды жаңа идеяларға шабыттандыратынына сенімдіміз!

📽️ Бұл бейнеде олар біздің мектеп туралы өз ойларымен бөліседі!

Жаңалықтар
07.09.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Білім күні
Білім күні Haileybury Almaty мектебінде жаңа оқу жылының басталуын атап өтіп, жазғы демалыстан кейін оқушыларды, ата-аналарды және қызметкерлерді қайтадан бір ортаға жинады.
29.08.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі A-Level және IGCSE емтихандарының үздік нәтижелерін атап өтеміз
Haileybury Almaty мектебі 2026 жылғы A-Level және IGCSE емтихандарын тапсырған оқушыларымыздың үздік жетістіктерін зор қуанышпен атап өтеді.
29.08.2026
Президент Тоқаев Владимир Жукты марапаттады
Математикалық олимпиадалар жөніндегі маманымыз оқушылармен атқарған үздік жұмысы үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат