Оқушыларымыздың 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы жетістіктері

Haileybury Almaty оқушыларының математика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы (IZHO 2025) жетістіктері туралы айтуға асықпыз. 

Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылардың басын қосқан беделді жарыс. Біздің оқушылар халықаралық аренада топ жарып шықты. 

Математика

  • Мирон (13 сынып, Бартл Фрер) 37 ұпай жинап, алтын медальға ие болды 🏅. Математика бойынша барлық қатысушылар арасында ең жоғары ұпайға ие болды. Бұл - Миронның ерекше таланты мен еңбекқорлығын көрсететін үлкен жетістік.
  • Амирлан (12 сынып, Киплинг) да алтын медаль алды 🏅. Сапалы білімі мен пәнге деген сүйіспеншілігін көрсетіп, 35 ұпай жинады. 
  • Тимур (12 сынып, Бартл Фрер) 26 ұпай жинап, лайықты күміс медальға ие болды 🥈, ол да математикадан өзінің тамаша қабілеттерін көрсете білді.

Информатика 

  • Назар (13 сынып, Attlee) информатикадан күміс медаль жеңіп алып🥈, Haileybury Almaty мектебі STEM саласында мықты және сапалы білім беретінін дәлелдеді.

Біз сендерді мақтан тұтамыз!

Бұл тамаша нәтижелер оқушыларымыздың қажырлы еңбегін, ынта-жігерін және білімге ​​құштарлығын, сондай-ақ ұстаздарымыз бен тәлімгерлеріміздің ерекше қолдауын көрсетеді. Жәутіков олимпиадасы сынды жарыстар оқушыларың білімдерін кеңейтіп қана қоймай, оларды таңдаған салаларында жоғары жетістіктерге жетуге талпындырады.

Мирон, Амирлан, Тимур және Назарды жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздің ынтаңыз бен жетістіктеріңіз бүкіл Haileybury Almaty қауымдастығына шабыт болып табылады. Біз сондай-ақ IZHO 2025 ұйымдастырушыларына оқушыларымызға өз күштерін сынауға және көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.

Болашаққа көзқарас

Біз әрқашан академиялық жетістіктер мәдениетін дамытамыз және оқушыларымызға әлемдік деңгейдегі жетістікке жетуге мүмкіндік береміз. Алдағы уақытта бұдан да зор табыстар тілейміз!

Жаңалықтар
29.08.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі A-Level және IGCSE емтихандарының үздік нәтижелерін атап өтеміз
Haileybury Almaty мектебі 2026 жылғы A-Level және IGCSE емтихандарын тапсырған оқушыларымыздың үздік жетістіктерін зор қуанышпен атап өтеді.
29.08.2026
Президент Тоқаев Владимир Жукты марапаттады
Математикалық олимпиадалар жөніндегі маманымыз оқушылармен атқарған үздік жұмысы үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
14.04.2026
Haileybury Almaty оқушылары World Scholar's Cup Almaty Round 2026 жарысында ерекшеленді
Haileybury Almaty оқушылары наурыздың 9-10 Galaxy халықаралық мектебінде өткен World Scholar's Cup Almaty Round 2026 жарысында тамаша нәтижелер көрсетті.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат