
Соңғы екі апта ішінде Оразхан Әл-Ферғани атындағы физика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға және астрономия мен астрофизика пәндері бойынша халықаралық олимпиадаға қатысты.
Оразхан Әл-Ферғани атындағы бірінші халықаралық физика олимпиадасында 11 медаль жеңіп алған ұлттық құраманың мүшесі. Зияткерлік жарысқа әлемнің 18 елінен, соның ішінде Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Румыния және т.б. елдерден 130-ға жуық мектеп оқушысы қатысты.
Сонымен қатар, Оразхан астрономия және астрофизика пәндері бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысып, қола жүлдегер атанды және осылайша өткен жылғы жетістіктерін дәлелдеді.
Біз дарынды оқушымызды құттықтаймыз және оған табыс тілейміз!