Эдинбург герцогы халықаралық сыйлығы

Haileybury Almaty мектебінде Эдинбург герцогы жүлдесінің тағы бір сәтті жылы аяқталды.   

Эдинбург герцогінің жүлдесі барлық жоғары сынып оқушыларына волонтерлік жұмыспен айналысып, жаңа дағдыларды дамытатын және кемінде 2 түнгі экспедицияға қатысатын керемет мүмкіндік. Халықаралық жүлде балаларды өз мүмкіндіктерін сынауға және ортақ мақсаттарға жету үшін бір топ ретінде жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға итермелейді.    


Біз халықаралық жүлденің мақсаттарын барынша қолдаймыз және Haileybury Қазақстан мен Орталық Азияда осы бағдарламаның ең ірі орталығы болып табылады. Биыл 9-сынып оқушылары қола жүлдені бастады, балалар Алма-Арасан шатқалына қысқа жорыққа аттанды, ал 11-сынып оқушыларының тобы Іле өзені бойындағы алғашқы түнгі экспедициясын аяқтады. Мектеп тарихында алғаш рет күміс жүлдеге қатысқан 12-сынып оқушыларын атап өткен жөн; өткен аптада олар Түрген шатқалы мен Ассы үстіртінде сәтті үш күндік экспедиция өткізді. Біз тарихымызда алғаш болып күміс жүлде иегерлері атанған 12-сынып оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз.  


Haileybury мектебі осы жылғы қатысушыларды мақтан тұтады, халықаралық бағдарлама жалғасын келесі жылы табады және келер жылы оқушылар үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деп үміттенеміз. Халықаралық жүлдеге тіркелуге және алдағы экспедицияларға қатысты толық ақпарат оқу жылының басында жарияланады.


Барлық қатысушыларды тағы да құттықтаймыз!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат