Haileybury Almaty мектебінде еңбек ететін 11 әріптесіміз 2025/26 оқу жылының қорытындысы бойынша High Performance Learning (HPL) сертификаттарына ие болды.
Сертификаттар төрт деңгей бойынша берілді. Бұл жетістік мұғалімдердің, мұғалім көмекшілерінің және мектепте HPL бағытын дамытуға жетекшілік ететін әріптестеріміздің кәсіби өсуін айғақтайды.
Сертификат иегерлерін құттықтаймыз:
· Ұстаз-көшбасшы (HPL Teacher Leader): Alan Taylor
· Сарапшы мұғалімдер (HPL Expert Teachers): Paul Boothroyd, Zukhra Kurmanova және Karlygash Kazhdarova
· Мұғалімдер (HPL Teachers): Aigerim Abdrygaliyeva, Lyutsiya Adilzhanova, Jade Lagogue, Aliadar Salikhov және Hannah Kerigan
· Мұғалім көмекшілері (HPL Teaching Assistants): Nurkina Mariyash және Mukhlissa Ergashboyeva
HPL аккредиттеу комитеті барлық 11 әріптесіміздің тиісті деңгей бойынша сертификаттау талаптарын орындағанын растады.
Бұл жетістік әріптестеріміздің оқушыларға білім берумен қатар, өздері де үздіксіз ізденуге ұмтылатынын көрсетеді. Мектепте әріптестеріміздің кәсіби дамуына үнемі мән беріледі. Ол әріптестерімізге оқыту тәжірибесін жетілдіруге және өз білімі мен тәжірибесін мектеп қауымдастығымен бөлісуге мүмкіндік береді.
Барлық сертификат иегерлерін осы жетістігімен құттықтап, оған жету жолындағы еңбектерін жоғары бағалаймыз.