Haileybury Almaty командасы FOBISIA 2024 ойындарында

Біздің команда қыс бойы дайындаоып,  North London Collegiate School (Сингапур), Henry VIII College (Малайзия), The British International School (Пуси), Regents Bangkok и Hua Hin International School (Тайланд) сияқты аймақтың үздік мектептерімен бәсекеге түсуге толық дайын болды.

1-ші күн: Келу, жеңіл атлетикадан, жүзуден жарыс 

Сенбі күні таңертең Pattana Sports Resort-қа келгеннен кейін біздің команда жеңіл атлетика мен жүзу жарыстары басталғанға дейін 24 сағат демалып үлгерді. Ыстық және ылғалды ауа райына қарамастан біздің жас спортшылар керемет төзімділік пен рухты көрсете білді. Олар осы екі спорт түрінен 10 жарысқа қатысты.

2-ші күн: Ти-бол (балалар бейсболы)

Екінші күні оқушыларымыз ти-бол ойнады. «А» және «В» командасының екеуі де өздерінің еңбекқорлығын және топта жұмыс жасай алу қабілетін дәлелдеп, нәтижелерін жақсартты. Жарыс үстінде біздің спортшылар бар қабілеттерін көрсетіп, Алматыда өтетін алдағы ойындарға дайындалды.

3-ші күн: Футбол 

Соңғы күні қыздар мен ұлдар командалары футболдан жарысқа қатысты. Екі команда да 6-орынға ие болғанымен, бәсекелестіктің жоғары деңгейін ескере отырып, тамаша ойын көрсете білді. Олардың осы ойыннан алған тәжірибесі болашақта табысқа жетуге көмектесетіні сөзсіз.

Нәтижелер мен талдау 

Командалық есепте мектебіміз жеңіл атлетика, жүзу және футболдан 4-орын, футболдан 6-орынға ие болды. Команда төменгі орындарды иеленсе де, жеңіл атлетика мен жүзуде жеке табыстар аз емес: біздің жүзушілерге 3-ші орынға небәрі 5 ұпай ғана жетпей қалды. Осы жарыстар барысында жинақталған тәжірибе мен дағдылар алдағы демалыс күндері, яғни 25-26 мамырға жоспарланған Алматыда өтетін ойындарда оқушыларымызға үлкен көмек болады деп үміттенеміз. 

Мақтанышымыз  

Біз оқушыларымызды, олардың еңбекқорлығын, спорттық шеберлігін және тамаша көңіл-күйін мақтан тұтамыз. Олардың еңбекқорлығы мен табандылығы – Haileybury Almaty рухының шынайы көрінісі. Әрі қарай дами берулеріне тілектеспіз. Алдағы жарыстарда жеңіске жетіңіздер!!

Жаңалықтар
07.10.2024
Haileybury Almaty мектебінің Хаусаралық футбол ойындары
Барлық хаустарымызды тамаша өткен футбол ойынымен құттықтаймыз!
29.05.2024
Haileybury Almaty командасының 2024 жылғы Алматы ойындарындағы жеңісі
Олар жоғары бәсекелестік ортасында жарысты, өйткені Haileybury Almaty мектебі Haileybury Astana және The British School of Tashkent мектептерін қрнақ етіп, олармен жоғары бәсекелестік ортасында жарысты.
27.05.2024
Haileybury Almaty командасы FOBISIA 2024 ойындарында
Бұл беделді іс-шара Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген британдық халықаралық мектептерді жеңіл атлетика, жүзу, Т-бол және футбол сияқты спорт түрлерінен жарысу үшін біріктіреді.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат