Kipling және Edmonstone хаустары футбол жарысында жеңіске жетті

Haileybury Almaty мектебінің бастауыш және жоғары сынып оқушылары хаустар арасындағы футбол жарыстарына қатысып, өз командаларының намысын қорғады.

Бастауыш мектепте екі бөлек жарыс өтті: бірінде 3–4-сынып, екіншісінде 5–6-сынып оқушылары бақ сынады. Екі жарыста да қатысушылар командаластарына қолдау көрсетіп, өз хаустары үшін барын салды.

3–4-сыныптар арасындағы жарыста жеңіске жеткен Kipling хаусын және 5–6-сыныптар арасында үздік атанған Edmonstone хаусын құттықтаймыз.

Жоғары мектеп турниріне төрт хаустың да оқушылары қатысты. Тартысты ойындарда олар табандылық танытып, бір команда болып ойнады және әділ ойын қағидаларын сақтады. Kipling хаусы жеңісті жолын жалғастырып, төртінші жыл қатарынан кубокты иеленді.

Жеңіс үшін бәсекеден бөлек, бұл жарыстар оқушыларға команданың ортақ нәтижесіне үлес қосып, спорт арқылы өз хаусының намысын қорғауға мүмкіндік берді. Бір-біріне қолдау көрсету мен қарсыласқа құрмет таныту да жарыстардың маңызды бөлігі болды.

Жеңімпаз хаустарды құттықтаймыз және жарысқа қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз.

Жаңалықтар
15.10.2026
Kipling және Edmonstone хаустары футбол жарысында жеңіске жетті
Haileybury Almaty мектебінің бастауыш және жоғары сынып оқушылары хаустар арасындағы футбол жарыстарына қатысып, өз командаларының намысын қорғады.
20.05.2026
Haileybury Almaty оқушылары (11 жасқа дейін) FOBISIA ойындарында тамаша нәтижелер көрсетті
Haileybury Almaty FOBISIA ойындарындағы 11 жасқа дейінгі оқушылардың жетістіктері туралы жаңалықтарымен бөлісуге асық. Оқушыларымыз жүзу және жеңіл атлетика сияқты дициплиналарда үлкен табандылығымен, командалық рухымен және спорттық мінезімен ерекшеленді.
13.06.2025
Спорт күні 2025
Haileybury Almaty бастауыш және жоғары мектептерінің оқушылары Спорт күнін у-шумен, көтеріңкі көңілмен өткізді!
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат