Haileybury Almaty мектебінің 12 жастан жоғары оқушыларға арналған оқу гранттары!
Haileybury Almaty мектебі қолданыстағы гранттар бағдарламасын кеңейтіп, 12 жастан асқан дарынды оқушыларға арналған гранттар конкурсын жариялайды!
Грант бағдарламасының критерийлері:
Қазақстан азаматы
Үміткердің жасы - оқу басталған кезде (01.09.2021) толық 13 жаста болуы керек. Туған күні - 01.09.2007 - 31.08.2008 аралығында.
Табельдегі орташа бағасы – 4,5 және одан жоғары
Ағылшын тілінің жоғары деңгейі
Видео презентация-ағылшын тілінде үміткер туралы екі минуттық видео
«Мен кіммін және Haileybury Almaty мектебіне қандай үлес қоса аламын» тақырыбындағы эссе (оқу жетістіктері, сыныптан тыс сабақтарға қатысу, спорт, музыка, Олимпиада, ерікті жұмыс және басқа ақпарат). Эссе көлемі - 300 сөз.