Haileybury Almaty оқушылары Бангкоктағы FOBISIA U11 ойындарында керемет өнер көрсетті

Биыл бастауыш сынып оқушыларымыз Бангкоктағы беделді FOBISIA U11 ойындарында Haileybury Almaty намысын тағы бір рет қорғап шықты. Бұл шынымен де ұмытылмас оқиға болды.

Бірнеше күн бойы оқушыларымыз аймақтың жетекші халықаралық мектептерінің оқушыларымен жеңіл атлетика, жүзу, бейсбол және футбол сияқты салаларда бақ сынасты және осы маңызды жарысқа дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті. 

Оқушыларымыз Республикалық спорт колледжінде бірнеше ай жаттығып, таңертең жүзу сабақтары және әр сенбі сайын  жеңіл атлетика сабақтарына қатысып, қолдарынан келгеннің бәрін көрсетті. Олардың еңбегі ақталды: балалар көптеген жеке рекордтар орнатып, жүзу мен жеңіл атлетика саласында Haileybury мектебінің 22 рекордын жаңартып, әсерлі жеке және командалық нәтижелерге қол жеткізді.

Haileybury Almaty әр сала бойынша жүлделі орындарға ие болғанын, оның ішінде жүзуде бірінші және жеңіл атлетикада екінші орын алғанын қуана хабарлаймыз. Бұл - біздің мектеп тарихындағы осы жарыстардағы ең сәтті нәтижелердің бірі. Осындай нәтижелерге біздің жас спортшыларымыздың төзімділігі, шебер командалық жұмысы және адалдығы арқасында қол жеткізілді.

FOBISIA ойындары медальдар мен рекордтар орнатуға ғана емес, сонымен қатар жарқын естеліктер алуға, төзімділікті қалыптастыруға және оқушыларымыздың ең жақсы қасиеттерін ашуға арналған платформаға айналды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және оларды қолдаған және шабыттандырған оқытушыларымыз бен жаттықтырушыларымызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Жаңалықтар
07.09.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Білім күні
Білім күні Haileybury Almaty мектебінде жаңа оқу жылының басталуын атап өтіп, жазғы демалыстан кейін оқушыларды, ата-аналарды және қызметкерлерді қайтадан бір ортаға жинады.
29.08.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі A-Level және IGCSE емтихандарының үздік нәтижелерін атап өтеміз
Haileybury Almaty мектебі 2026 жылғы A-Level және IGCSE емтихандарын тапсырған оқушыларымыздың үздік жетістіктерін зор қуанышпен атап өтеді.
29.08.2026
Президент Тоқаев Владимир Жукты марапаттады
Математикалық олимпиадалар жөніндегі маманымыз оқушылармен атқарған үздік жұмысы үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат