Haileybury Almaty оқушысы химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында тамаша нәтиже көрсетті!

Haileybury Almaty оқушысы химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында тамаша нәтиже көрсетті!

2023 жылдың 1 мамыры мен 6 мамыры аралығында Астана қаласында өткен химия пәнінен 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына Қазақстан атынан қатысқан оқушымыз Инсар Имаштың үлкен жетістігімен сізбен бөлісуге асықпыз.

Назарбаев Университеті мен Қазақстан Республикасы Білім министрлігі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультеті және Андрей Мельниченко атындағы қор өткізген Олимпиадаға әлемнің 21 елінен оқушылар қатысты. Олар Қазақстан, Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және т.б. елдерден келді. Биыл Олимпиадаға алғаш рет Бразилия құрамасы қатысты.

Командалар химиядан өткізілген ұллтық олимпиадаларының жеңімпаздарынан құрылды. Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы Инсар Имаш көрсеткен жоғары нәтижелері үшін 16 дарынды оқушыдан тұратын ұлттық құрамаға қабылданды. Осы айтулы шарада ол еліміздің намысын лайықты қорғап шықты.

Инсар ерекше білім мен біліктілік танытып, күміс жүлдеге ие болып, ұлттық құрама мүшелері арасында ең жоғары ұпайды еншіледі. Оның нәтижесі – оның еңбекқорлығы мен химияға деген сүйіспеншілігінің дәлелі. Инсарды осы керемет жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған осындай жоғары нәтижеге жетуге өзінің ақыл-ойы, табандылығы, сондай-ақ Haileybury Almaty мектебінде алған білімі көмектесті.

Олимпиаданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Білім министрлігіне, Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетіне және Андрей Мельниченко атындағы қорға ғылыми ұмтылыс пен химия саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Инсар үшін бірге қуанайық! Оған болашақта тек табыс тілейміз!

Жаңалықтар
26.04.2024
Нурияның айрықша жетістігі: Haileybury Almaty-ден Шеффилд университетіне
Али Хаустың капитаны Нурия Рассел тобына кіретін беделді Шеффилд университетінен «Биомедицина» мамандығы бойынша оқуға шақыру алды.
24.04.2024
Арайды қыздарға арналған математика бойынша Еуропалық олимпиададағы жүлделі орынмен құттықтаймыз!
Ең дарынды жас математиктермен бәсекелес болған Арай өзінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, үйіне қола медальмен оралды!
22.04.2024
Руйханның инженерлік және музыкалық таланты
Руйхан Imperial College London, Cornell University, King ' s College London, Durham University, Georgia Tech және Boston University сияқты әлемдегі жетекші инженерлік университеттерден шақырулар алғанын қуана хабарлайды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат