Haileybury Almaty оқушылары Азиалық экономика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті

Haileybury Almaty жоғары мектебінің экономика командасының 2025 жылғы Азиалық экономика олимпиадасындағы (AEO) әсерлі жетістіктерімен бөлісуге қуаныштымыз! Бұл беделді халықаралық жарыс құрлықтағы ең мықты жас экономистерді біріктірді.

Команда құрамында капитан Арнай М., Искандер Ш., Искандер С., Жангир М. және Алихан Е. болды. Haileybury Almaty атынан шыққан олар олимпиаданың үш кезеңінде де жоғары нәтиже көрсетті.

50 күрделі тест сұрақтарынан тұрған бірінші турда команда орта есеппен 200-ден 178 ұпай жинап, өту шегінен әлдеқайда жоғары нәтиже көрсетті.

Екінші турда күрделірек тапсырмалар мен ашық сұрақтар ұсынылды. Бұл кезеңде Haileybury командасы халықаралық рейтингте 2-орынды иеленсе, Арнай жеке есепте дүниежүзі бойынша  1-орынға ие болды. Бұл — ерекше әрі мақтанарлық жетістік.

Қорытынды бизнес-кейс сайысында команда Азия бойынша ең үздік 15 команданың қатарына енді.

Бұл нәтижелер оқушыларымыздың білімін, табандылығын ғана емес, сондай-ақ Haileybury Almaty мектебі барлық шәкірттеріне сіңіретін ынтымақтастық рухын, сыни ойлау қабілетін және көшбасшылық қасиеттерін айқын көрсетеді.

Біз өзіміздің жас экономистерімізге зор мақтан тұтамыз! Оларға жаңа жеңістер тілейміз!

Жаңалықтар
07.09.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі Білім күні
Білім күні Haileybury Almaty мектебінде жаңа оқу жылының басталуын атап өтіп, жазғы демалыстан кейін оқушыларды, ата-аналарды және қызметкерлерді қайтадан бір ортаға жинады.
29.08.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі A-Level және IGCSE емтихандарының үздік нәтижелерін атап өтеміз
Haileybury Almaty мектебі 2026 жылғы A-Level және IGCSE емтихандарын тапсырған оқушыларымыздың үздік жетістіктерін зор қуанышпен атап өтеді.
29.08.2026
Президент Тоқаев Владимир Жукты марапаттады
Математикалық олимпиадалар жөніндегі маманымыз оқушылармен атқарған үздік жұмысы үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат