Haileybury Almaty оқушылары «Outstanding Pearson Learner» марапатына ие болды

Біздің алты оқушымыздың 2023/24 Pearson Edexcel емтихандарындағы ерекше нәтижелері үшін беделді «Outstanding Pearson Learner 2024» марапатына ие болғанын хабарлауға қуаныштымыз.

Бұл оқушылар әртүрлі пәндер бойынша Қазақстанда ең жоғары балл жинап, әлемнің 82 еліндегі 750 мектептен 2200 үздік оқушының қатарына енді.

Жыл сайын “Pearson Outstanding Pearson Learner Awards” (OPLA) өз елінде, аймағында немесе әлемде үздік оқу жетістіктерін көрсетіп, ең жоғары ұпайларға қол жеткізген оқушыларға беріледі. Оқушыларымыздың осындай жоғары марапатқа ие болуы олардың қажырлы еңбегі мен жігерін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар біздің ұстаздарымыздың адалдығын және бүкіл Haileybury Almaty қауымдастығының қолдауын көрсетеді.

Олардың жетістіктері төменде келтірілген:

Альмина – математика бойынша Қазақстандағы ең жоғары нәтиже (Pearson Edexcel International Advanced Level)

Батырхан – математика бойынша Қазақстандағы ең жоғары нәтиже (Pearson Edexcel International Advanced Level)l

Джимин – химия, экономика, математика А бойынша Қазақстандағы ең жоғары нәтиже (Pearson Edexcel International GCSE)

Мерейлі – ағылшын тілі А, ағылшын әдебиеті (Pearson Edexcel International GCSE) бойынша Қазақстандағы ең жоғары нәтиже

Рем – ағылшын тілі А бойынша Қазақстандағы ең жоғары нәтиже (Pearson Edexcel International GCSE)

Ульяна – орыс тілі бойынша Азиядағы ең жоғары нәтиже (Pearson Edexcel GCE Advanced Level); физика бойынша Қазақстандағы ең жоғары нәтиже (Pearson Edexcel International GCSE)

Альмина, Батырхан, Джимин, Мерейли, Рем және Ульянаны осындай керемет жетістікпен құттықтаймыз! Олардың еңбекқорлығы мен ынта-жігері бәрімізді шабыттандырады, мектебіміздегі барлық оқушыларды ынталандырады. Біз осындай дарынды тұлғаларды қолдайтынымызды мақтан тұтамыз және олардың оқудағы келесі жетістіктерін асыға күтеміз.

Haileybury Almaty табысқа жетуге қолайлы орта құруға ұмтылады. Оқушыларымыздың жетістігі – оқушылардың, ұстаздар мен ата-аналардың ортақ жеңісі!

Жаңалықтар
26.08.2025
IGCSE 2025 Нәтижелері
Haileybury Almaty мектебінің 2025 жылғы IGCSE емтихандарының нәтижелері мектеп тарихындағы ең үздік көрсеткішке жеткенін қуана хабарлаймыз!
19.08.2025
🏅 Даниялдың екі халықаралық жетістігі — 2025 жылғы тамыз
Haileybury Almaty мектебінің 7-сынып оқушысы Даниял үшін 2025 жылдың тамызы — ерекше табыстарға толы ай болды.
15.08.2025
2025 жылғы A-Level нәтижелері
Haileybury Almaty мектебін 2025 жылы бітірген 13-сыныптың еңбекқор және дарынды оқушылары – біздің шексіз мақтанышымыз!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат