10 қазанда Haileybury Almaty мектебінде "Sustainability eJAWS: embedding SDGs in the Curriculum" атты қызықты онлайн-іс-шара өтетінін хабарлауға қуаныштымыз. Іс-шара білім берудегі тұрақтылықты дамтыуға және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) біздің мектеп қауымдастығында ілгерілетуге деген міндеттемемізді көрсету мақсатында өтеді.
Толық ақпарат:
Күні: 10 қазан
Ұйымдастырушы: Haileybury Almaty
Құны: тегін
Тіркеу мерзімі: 20 қыркүйек
eJAWS-те (академиялық семинарлар) ТДМ-ын оқу бағдарламасына енгізу нұсқалары қарастырылады, бұл мұғалімдерге әлемнің ынталы азаматтарының жаңа буынын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Сұрақтар туындаған жағдайда және тіркеу үшін келесі қызметкерлерімізге жазуыңызды сұраймыз:
Катрин Вулф: kwolf@haileyburyalmaty.kz
Питер Гудингке: pgooding@haileyburyalmaty.kz
Оқу процесінде маңызды жаһандық мақсаттарды пайдалана отырып, тұрақты болашақты бірге қалыптастырайық.
Жаңалықтар
20.10.2026
Тоғызыншы сынып оқушылары Қазақстан табиғатын өнер арқылы таныды
Haileybury Almaty мектебінің 9-сынып оқушылары төрт күндік шығармашылық сапарға шығып, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне және Шарын шатқалына барды.
21.09.2026
Он бір әріптесіміз High Performance Learning сертификаттарына ие болды
Haileybury Almaty мектебінде еңбек ететін 11 әріптесіміз 2025/26 оқу жылының қорытындысы бойынша High Performance Learning (HPL) сертификаттарына ие болды.
05.06.2026
Haileybury Almaty жазғы STEM-лагері 2026
Осы жазда Haileybury Almaty 5 пен 13 жас аралығындағы балаларға арнап STEM-лагерін ұйымдастырып жатыр. Бұл - білімге құмарлықты, шығармашылықты және мәселелерді шешу қабілетін дамытуға бағытталған практикалық сабақтар.