Haileybury Almaty мектебінің Makerspace кеңістігі және робототехника зертханасы

Haileybury Maker Space and Robotics Lab

Haileybury Almaty жекеменшік британдық мектебі 2008 жылдан бастап тек қазақстандық қоғамның ғана емес, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың дамуына оң әсер ететін, көшбасшылық, ұжымдық және әлеуметтік дағдылары бар, өзіне сенімді тұлғаларды қалыптастыруға үлкен үлес қосып келеді. Мектептің негізгі мақсаты оқушылардың икемділігін, қызығушылығы мен талпынысын пәндер мен сыныптан тыс жұмыстардың кең және теңдестірілген ауқымы арқылы дамыту болғандықтан, сондай ақ оқушыларды болашақ мамандықтарға даярлау үшін биыл Haileybury Almaty мектебі Makerspace кеңістігі мен робототехника зертханасын ашты. Makerspace кеңістігі мен робототехника зертханасының бірінші кезеңі 2021 жылдың тамыз айында аяқталды. Haileybury Almaty мектебі теориялық оқу бағдарламасын практикалық зертханалық бағдарламамен біріктіруді мақсат етеді, сонымен қатар біз зертханамызды жарқын, табысты, әділ және тұрақты болашақтың орталығы ретінде көреміз.       

Біздің негізгі мақсатымыз - заманауи, технологиялық тұрғыдан дамыған, көпшіліктің сұранысына ие, қарқынды дамитын және Haileybury оқушыларының қажеттіліктеріне толық жауап беретін MakerSpace кеңістігі мен робототехника зертханасын құру болып табылады.

Kerneu Technologies компаниясының 2015 жылдан бастап Алматыда және Қазақстанның басқа өңірлерінде ғылыми сыныптарды салуда үлкен тәжірибесі бар. Осы компания Haileybury Almaty мектебінде Makerspace кеңістігі және робототехника зертханасының құрылысын қадағалады, олар сонымен қатар оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер және басқа да аудиторияларды қамтитын STEAM және бағдарламалау бойынша бірқатар іс-шараларға жетекшілік етеді. 

Makerspace және робототехника зертханасының қызметі келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады: 

  1. Физикалық кеңістік және басқару
  2. STEAM саласы бойынша бағдарламалау
  3. Робототехника саласын дамыту және жарыстар мен конкурстар ұйымдастыру
  4. Серіктестікті, қаржыландыруды және тұрақты дамуды дамыту

Атап айтқанда, Makerspace кеңістігі: 

  • Haileybury оқушыларына STEM және инженерлік жобалау саласында білім алуға мүмкіндік береді

    • Балаларды STEM саласында білім алып, осы салада мансап іздеуге шабыттандырады
    • Мұғалімдерге үздіксіз кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынады
    • Шығармашылықты, инновацияларды дамыту, жаңа өнімдерді әзірлеуге және шағын прототиптерді жасауға бағытталған құралдарды ұсыну арқылы Алматыда жаңа экономикалық мүмкіндіктердің дамуына жол ашады. Makerspace кеңістігі мен робототехника зертханасы бір мезгілде 25 адамнан тұратын топтарды қабылдауға арналған, осылайша балалар мектеп пен университеттің оқу бағдарламаларын женіл түрде игере алады.

Makerspace және робототехника зертханасында бүкіл әлемнің Fab Lab - тарында (шағын шеберхана) жиі қолданылатын материалдар мен жабдықтар бар, атап айтқанда: 

  • VEX V5 System Bundle (робототехникалық жүйелердің бесінші буыны)
  • Жарыстарды өткізуге арналған Vex ойын алаңы
  • REV FTC Starter Kit V3 (робототехникалық жүйелердің үшінші буыны)
  • Үлкен CNC станогы («shop bot» деп те аталады)
  • Жоғары техникалық сипаттамалары бар 24 ноутбук (HP жұмыс станциялары)
  • Лазерлік кескіш
  • Electronics workbench
  • 3D-принтер
  • LEGO Spike Prime жиынтықтары (білім беру және жарысқа арналған)
  • LEGO WEDO 2.0

Haileybury зертханасында робототехника мен STEAM саласында жұмыс істеуге және бағдарламалауға қажетті барлық жабдықтар, соның ішінде компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа Fab зертханаларында қолданылатын негізгі элементтер болады. Осының арқасында біздің балаларымыз барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл сондай-ақ қатар әлемдегі басқа зертханалармен байланыс орнатуды, сонымен қатар халықаралық бағдарламалау мен озық тәжірибені енгізуді жеңілдетеді.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат