
Haileybury Almaty мектебінің түлегі Шыңғыс және оның Кембридж университетінде оқитын бір топ досы математикалық клуб құрды; олар математиканы көңілді және ынталандыратын түрде оқытады.
Сайтты жасаушылардың мақсаты-стандартты оқу бағдарламасынан тыс математикалық білім беру.
Шыңғыс және Кембридж университетінің бір топ студенттері оқушыларға ең жақсы білім беруді мақсат етеді. Мектеп бағдарламасы көптеген қызықты ақпараттарды қамтиды, дегенмен ол болашақ ұрпақты сыни және логикалық ойлауға жеткілікті деңгейде дайындай алмайды. «Мұны өзгерту керек және біз бұл өзгерістерді жүзеге асырамыз, математика аталған екі маңызды дағдыға ең жақын пән екені анық» - дейді жас мұғалімдер. Сондықтан олар математиканы көңілді және ынталандыратын түрде оқытатын клубты ашуды жөн көрді.