MIT студенттері Haileybury Almaty-мен өздерінің бірегей тәжірибесін бөлісуде

MIT-дің Джозефина мен София деген екі студентінің MISTI бағдарламасы аясында Haileybury Almaty-ға келгені туралы қуана хабарлаймыз.

Бұл бағдарлама MIT студенттеріне дүние ж8з3 бойынша түрлі мектептерде сабақ беруге мүмкіндік береді, олар біздің мектебімізді таңдағанын мақтан тұтамыз.

Джозефина – компьютерлік ғылым, ал София – аэроғарыштық инженерия факультетінің студенті. Бұл олардың Қазақстанға, жалпы Орталық Азиядағы алғашқы сапары. Олар біздің мәдениетімізді, әдемі табиғатымызды көруге өте қуанышты.

Джозефина антибиотиктерге төзімділік пен даму үшін есептеу модельдеуге қатысты тақырыптар бойынша сабақ беретін болады. Бұл әдетте Жоғары немесе Орта мектепте оқытылмайтын күрделі тақырыптар, сол себепті біздің оқушылар мамандандырылған, сапалы ақпарат алуға керемет мүмкіндікке ие болады.

Ал София ғарыштық жүйелер инженериясынан сабақ береді. Ол оқушыларға жыл сайын орбитаға ұшырылатын ғарыш аппараттарында қолданылатын күрделі жүйелік тәсіл туралы айтып береді.

Джозефина да, София да біздің оқушыларға оқудың осы кезеңінде әдетте берілмейтін ақпаратты ұсынуды асыға күтеді. Олар университетте және арнайы бағдарламаларда алған білімдерімен бөліскісі келеді.

София сонымен қатар Haileybury Almaty-да болған уақытының соңында оқушылар оны тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар болашақ дамуы үшін тәлімгер ретінде қабылдайтын болады деп үміттенеді.

 

Біз бұл MIT студенттері ұсынатын құнды тәжірибе оқушыларымыз үшін өте пайдалы болатынына және оларды жаңа академиялық биіктерге жетуге шабыттандыратынына сенімдіміз.

Жаңалықтар
29.04.2024
Алиханды химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасында жеңіп алған қола медалімен құттықтаймыз!
Өткен аптада Шэньчжэнь қаласында (Қытай) химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтіп, әлемдегі ең талантты жас химиктер осы жерде бас қосты.
26.04.2024
Нурияның айрықша жетістігі: Haileybury Almaty-ден Шеффилд университетіне
Али Хаустың капитаны Нурия Рассел тобына кіретін беделді Шеффилд университетінен «Биомедицина» мамандығы бойынша оқуға шақыру алды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат