Нурияның айрықша жетістігі: Haileybury Almaty-ден Шеффилд университетіне

Нурияны құттықтаймыз: оқудағы табыс және көшбасшылық

Haileybury Almaty оқушылар өз әлеуетін толық ашатын орта жасайды. Бүгін біз мектебімізде атап өтіліп жатқан өте маңызды жетістік туралы хабарлағымзы келеді. Али Хаустың капитаны Нурия Рассел тобына кіретін беделді Шеффилд университетінен «Биомедицина» мамандығы бойынша оқуға шақыру алды. Сондай-ақ, Extended Project Qualification (EPQ) бағдарламасы бойынша A* бағасын алғандықтан оған қабылдау кезінде аса қатаң талаптар қойылмады және бұл оның академиялық қабілеттері мен еңбекқорлығының тағы бір дәлелі.

Haileybury Almaty құндылықтарының көрінісі

Нұрияның жетістігі - табандылық, көшбасшылық және кемелдікке ұмтылу деген Haileybury Almaty бағалайтын құндылықтардың көрінісі. Аттлидің капитаны Нурия көшбасшылық қасиеттерін оқуда ғана көрсетіп қойған жоқ, ол үнемі мектеп рухын қолдап жүреді, табандылық танытады. Оның EPQ бағдарламасы бойынша алған жоғары бағасы – мектебіміздің өз бетінше жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау сияқты жоғары білім беруде және одан да басқа салаларда қажет болатын баға жетпес дағдыларға баса назар аударуының нәтижесі.

Беделді Рассел тобының мүшесі болып табылатын Шеффилд университеті өзінің ғылыми-зерттеу жұмысымен және жоғары деңгейлі білім беруге деген ұмтылысымен кең танымал. Нұрияның "Биомедицина" мамандығына түсуі – жеке жеңіс қана емес, сонымен қатар Haileybury Almaty оқушыларының білім сапасы мен жоғары әлеуетінің дәлелі.

Жарқын болашақ

Қазір Нурия өз өмірінің жаңа тарауын бастауға дайындалып жатыр, ал біз оның биомедицина саласында табысқа жететініне сенімдіміз. Оның өнегесі біздің барлық оқушыларымызды шабыттандырады, сәл күш салып, қызығушылық танытсаңыз, бәрі мүмкін екенін дәлелдеді.

Нурияны шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және болашақта одан да көп жетістікке жетесіз деп үміттенеміз. Сіз еңбекқорлық пен оқуға деген дұрыс көзқарас үлкен биіктіктерге әкелетінін көрсеттіңіз!

Бұл үлкен жетістік! Haileybury Almaty қоғамдастығы сізге әрқашан қолдау көрсетуге дайын!

Жаңалықтар
12.07.2024
Алихан бірден әлемнің бірнеше үздік университеттеріне оқуға түсті
Haileybury Almaty мектебінің үздік оқушыларының бірі Алихан дүние жүзіндегі 30-ға жуық университеттен шақыру алды және олардың әрқайсысында ол тегін оқи алады! Оған Колумбия, Стэнфорд, Солтүстік-Батыс, Вандербилт (бұр жерде ол Cornelius шәкіртақысын алған) сияқты беделді университеттерден шақырулар келіп түсті.
09.07.2024
Батырханның тамаша жетістігі
Батырхан беделді Гонконг ғылым және технология университетіне (HKUST) қабылданып, онда электротехниканы оқитын болады.
03.07.2024
Ақанды тамаша жетістігімен құттықтаймыз!
Оқушымыз Ақанның биыл Торонто университетінің екі беделді мамандығына түскені туралы хабарлауға қуаныштымыз

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат