Haileybury Almaty мектебінің алты дарынды оқушысы Алматы қаласында 2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында өтетін математика және информатика пәндері бойынша беделді 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасына (IZHO 2025) қатысады!
Бұл олимпиада маңызды жарыс қана емес, сонымен қатар халықаралық олимпиадаларға қатысатын Қазақстан құрама командасын қалыптастыру үдерісіндегі маңызды кезең болып табылады. Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз, олардың қажырлы еңбегі мен академиялық жетістіктерге деген адалдығына бас иеміз.
📚 Математика: Мирон (13 сынып, Бартл Фрер), Арай (13 сынып, Аттли), Тимур (12 сынып, Бартл Фрер), Амирлан (12 сынып, Киплинг), Ильяс (12 сынып, Бартл Фрер)
💻 Информатика: Назар (13 сынып, Аттли)
Барлығына сәттілік тілейміз! Біз олардың осы маңызды жарыста Haileybury Almaty және Алматы қаласының намысын лайықты түрде қорғай алатынына сенімдіміз. Оларды бірге қолдайық!
Жаңалықтар
29.08.2026
Haileybury Almaty мектебіндегі A-Level және IGCSE емтихандарының үздік нәтижелерін атап өтеміз
Haileybury Almaty мектебі 2026 жылғы A-Level және IGCSE емтихандарын тапсырған оқушыларымыздың үздік жетістіктерін зор қуанышпен атап өтеді.
29.08.2026
Президент Тоқаев Владимир Жукты марапаттады
Математикалық олимпиадалар жөніндегі маманымыз оқушылармен атқарған үздік жұмысы үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
14.04.2026
Haileybury Almaty оқушылары World Scholar's Cup Almaty Round 2026 жарысында ерекшеленді
Haileybury Almaty оқушылары наурыздың 9-10 Galaxy халықаралық мектебінде өткен World Scholar's Cup Almaty Round 2026 жарысында тамаша нәтижелер көрсетті.