Біраз уақыт бұрын біз екі баламыздың Молдоваға 36-шы халықаралық Балкан Олимпиадасына баруға дайындалып жүргені туралы жазғанбыз, және бүгін Шыңғыс пен Нұртастың олимпиада тамаша өнер көрсетіп, керемет нәтижелер көрсетіп күміс медаль алғандарын мақтана отырып хабарлаймыз. Алтынды жеңіп алу үшін балаларға бір-ақ балл жетпеді, бірақ біз үшін олар - чемпиондар!
Біз балаларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз және Болгария, Грекия, Румыния, Сербия, Түркия, Босния және Герцеговина, Македония, Кипр, Молдова, Монтенегро, Албания, Қазақстан, Италия, Түркменстан, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Англия сияқты әлемнің 18 елінен келген жүзтен астам қатысушының арасынан біздің қазақстандық балаларымыз жалпы есеппен 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып елді абыроймен ұсына білгенін мақтан тұтамыз. Бейресми командалық есепте ҚР құрама командасы 5 орынға ие болды.
Барлық балаларды жеңіспен құттықтаймыз және оқуда табыс және ғылымдар патшайымы - математиканы тануда сарқылмас энергия тілейміз!