A-Level нәтижелері мен жоғары оқу орындарына түсу  

2020/21 оқу жылы COVID-пандемиясына байланысты барлық оқушылар үшін қиын жыл болды және Haileybury Almaty мектебінің 13-сынып оқушылары қиын және бұрын-соңды болмаған жағдайларда үлкен төзімділік пен күш-жігер танытты. 

Барлық қиындықтарға қарамастан, 2021 жылдың түлектері A-Level емтихандарында ерекше нәтижелер көрсетті, балалардың 70%-ы A* немесе A бағаларына қол жеткізді - бұл мектеп үшін үлкен жетістік. Осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізу - оқушылармен жұмыс істеген мұғалімдер ұжымының үлкен еңбегі.   

Сондай-ақ, 2021 жылғы түлектер тобы A-Level оқушыларының осы күнге дейінгі ең үлкен тобы болды және осы топ арасында университеттерге түскендердің саны ең көп болғанын атап өткен жөн. Бұл факт және бағалардың өте жоғары деңгейі балалардың жетістіктерін шынымен маңызды етеді. Сонымен қатар, біз барлық пәндерден А* немесе А бағаларына қол жеткізген 14 оқушыны атап өткіміз келеді, олар Еркежан Сахиева, Ержан Қабдықаиров, Анна Ким, Майя Киртон, Қасым Мұханбетияр, Мансұр Нұрмұхамбетов, Тоғжан Шынтай, Томирис Тәтішева, Санжар Елшібеков, Данияр Закарин, Ричард Херрман, Алина Ким, Ольга Минко, Сара Циммерманова.  

Түлектеріміздің Массачусетс технологиялық институты, Йель және Колумбия университеттері, Кембридж және Ұлыбританияның басқа да керемет оқу орындарына оқуға түскендеріне өте қуаныштымыз. Жастар кең және өршіл пәндер жиынтығын оқитын болады және қазіргі уақытта олар академиялық жолының келесі кезеңіне дайындалуда. Жарайсыңдар, қымбатты түлектер! Сіздерге алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз.  

Жаңалықтар
24.03.2023
Біздің оқушылар жүзеге асыратын инновациялық жобалар
Бұл Даниал, 12-сыныптың дарынды оқушысы. Ол біздің мектеп кітапханасы үшін керемет қосымша жасап шығарды!
22.03.2023
Nauryz celebration
Сіздерді бірлік пен өзара түсіністіктің мерекесі, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
17.03.2023
Ұлыбритания университеттері түлектерінің кездесу кеші
Бұл көңілді кеште Ұлыбританияның әртүрлі университеттерінің 100-ден астам түлектері, соның ішінде Haileybury Almaty мектебінің түлектері жиналып, бір-бірімен араласуға, байланыс орнатуға және тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Сізге мектебімізді және біз ұсынатын барлық мүмкіндіктерді жақсы түсінуге көмектесетін жаңа функциямызды ұсынуға қуаныштымыз. Виртуалды тәжірибе арқылы сіз мектебіміздің ерекше мүмкіндіктерін, оның артықшылықтарын көріп, қабылдау талаптары мен үдерісімен жақынырақ таныса аласыз.

Виртуалды тәжірибе құрастыру
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат