Sixth Form-ның соңғы жаңалықтары (қараша)

 

Назарыңызға Sixth Form-ның қараша айындағы жаңалықтарын ұсынамыз. Сізге ай сайын ең өзекті ақпаратты беріп тұрғымыз келеді. Осы айда біз SAT және балаңызға көрсетілетін  көмек туралы айтып береміз. 

SAT туралы ақпарат

Американдық, азиялық және еуропалық университеттерге түскісі келетін оқушылар көбінесе SAT тапсыруы қажет. Балаңызға қазірден бастап алдағы тестке жазылып қою керек.

SAT дегеніміз не?

  • Ағылшын және математика бөлімдерінен тұратын ұзақ тест, әрқайсысы 800 балл құрайды, барлығы - 1600 балл. 
  • Тестті бірнеше рет тапсыруға болады. Әдетте, біздің оқушылар бірінші рет тапсырғанда 1200-ден астам балл жинайды; келесіде 100 баллға көбірек жинайды.  
  • Бірнеше емтиханнан әр пән бойынша үздік нәтижені біріктіріп Супер балл деп аталатын жалпы бағаны есептеп шығаруға болады. 
  • 1300-ден астам балл жақсы көрсеткіш болып есептеледі, дегенмен беделді университеттерге түсу  үшін 1400-ден 1500-ге дейін балл қажет.
     

SAT-ді қашан және қай жерде тапсыру керек?

  • Тестті Common App-ты басқаратын College Board компаниясы өткізеді, Common App арқылы оқушылар 13-сыныптан бастап АҚШ университеттеріне құжат тапсырады. 

  • Тест онлайн режимінде арнайы қорғалған Blue Book қосымшасында, тестілеу орталықтарында өткізіледі.

  • Жылына 8 SAT өткізіледі, оның бесеуі - күзде, үшеуі - көктемде. 

  • Оқушыларымызға оны бірінші рет 12-сыныпта, содан кейін 13-сыныпта күзде тағы бір немесе, жоғары балл керек болса, екі рет тапсыруды ұсынамыз. 

  • Тестке https://satsuite.collegeboard.org/sat/registration сілтемесі арқылы жазыла аласыз. Тест құны - 111 USD. 

  • Алматыда Haileybury-ді қоса алғанда тағы бірнеше тестілеу орталығы бар. Біздің тестілеу орталығында бос орындардың болуына кепілдік бере алмайтынымызды есте ұстауыңызды сұраймыз, сондықтан оқушыларға тестке мүмкіндігінше тезірек жазылуға кеңес береміз.

    Тестілеу күндері: 

  • 2026 жылғы 14 наурыз: 2026 жылдың 27 ақпанына дейін тіркелу қажет.

  • 2026 жылғы 2 мамыр: 2026 жылғы 17 сәуірге дейін тіркелу қажет.

  • 2026 жылғы 6 маусым: 2026 жылғы 22 мамырға дейін тіркелу қажет.

SAT қаншалықты маңызды?

  • Университеттердің қабылдау комиссиялары ең алдымен оқушының оқу үлгеріміне қарайды: AS-level қорытынды емтихандарының нәтижелері университетке құжаттарды тапсыру кезінде ең маңызды болып табылады, сондықтан оларға көп көңіл бөлу ерек.  

  • АҚШ-тың кейбір университеттері, Ұлыбритания немесе Еуропа университеттері үшін SAT міндетті емес екенін ескеріңіз. 

  • Алайда, SAT-дің жоғары нәтижесі туралы Sixth Form қызметкерлері өз ұсынымхаттарында жазып кете алады.  

SAT-ге қалай дайындалуға болады?

  • Оқушылар College Board-тың Blue Book қосымшасында ресми практикалық тесттерді тапсыра алады: https://satsuite.collegeboard.org/practice/practice-tests/bluebook. Бұл сайтта 7 тегін практикалық тест келтірілген. 

  • Практикалық тесттерді тағы мына жерлерден табуға болады: https://bluebook.plus және Khan Academy деген SAT-ге өз бетімен  дайындалуға арналған ресурстары бар ақысыз онлайн-қызмет. (https://www.khanacademy.org/digital-sat).

  • Сонымен қатар, жыл сайын университеттерге құжаттарды тапсыру процесі аяқталғаннан кейін (қаңтар/ақпан) біз 13-сынып оқушыларынан 12-сынып оқушыларына SAT-ге дайындалуға көмектесуін сұраймыз.

12 сынып оқушылары не істеп үлгерді

12-сынып үшін оқу жылы белсенді және жемісті басталды. Жақыңда ғана біз Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Канада және Швеция университеттерінің өкілдерімен кездестік. Осыдан сәл бұрын бос жұмыс орындары мен университеттер жәрмеңкесі өтті, Қытайдағы HKUST университетіне сапар ұйымдастырылды.

Осы айдың басында 13 оқушы EY аудиторлық фирмасына барып, біздің дағдыларды жетілдіру бағдарламасы аясында мастер-класстарға қатысты. Сонымен қатар, 12 оқушы алғашқы медициналық көмек курсынан өте бастады, қазіргі уақытта 15-тен астам оқушы EPQ-ден өтіп жатыр, бұл университетке түсу кезінде маңызды артықшылық болады. Барлық оқушылар сонымен қатар университет деңгейіндегі онлайн курстарды (MOOC) таңдау және өту сабақтарынан өтті. Жалпы, барлық оқушыларға университетке түсу үшін қажетті мүмкіндіктер мен көмек көрсетіліп жатыр. 

Жаңалықтар
02.12.2025
Sixth Form-ның соңғы жаңалықтары (қараша)
Назарыңызға Sixth Form-ның қараша айындағы жаңалықтарын ұсынамыз. Сізге ай сайын ең өзекті ақпаратты беріп тұрғымыз келеді. Осы айда біз SAT және балаңызға көрсетілетін көмек туралы айтып береміз.
18.11.2025
Haileybury Almaty оқушылары 10 Outstanding Pearson Learner Awards (OPLA) марапатын иеленді
Haileybury Almaty-ның жеті оқушысы Pearson Edexcel 2024/25 емтихандары бойынша жоғары көрсеткіштері үшін 10 Outstanding Pearson Learner Awards марапатын алды.
11.11.2025
Шыңдар сабақтары: Максут Жұмаевтың Haileybury Almaty-дағы шабыттандыратын дәрісі
Бүгін Haileybury Almaty мектебі әлемдегі ең тәжірибелі альпинисттердің бірі, тарихта қосымша оттегісіз барлық он төрт сегіз мыңдық шыңды бағындырған 12-ші адам – Мақсұт Жұмаевты шақыру құрметіне ие болды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат