Sixth Form және университетке түсу - сәуір

Құрметті 12 сынып оқушыларының ата-аналары!

EPQ жобасын қорғауға шақыру

  • Балаңызды және сізді EPQ жобасының аяқталуымен құттықтаймыз! Бұл 6 айлық қажырлы еңбек және үлкен жетістік! 
  • Жобаны қорғау 22 сәуір күні, сағат 16.30-да ғылыми зертханаларда өтеді. Сізді балаңыздың өміріндегі осы маңызды оқиғаның куәгері болуға шақырамыз. 

Ата-аналарға арналған семинарлар 

  • 14 сәуір (сейсенбі), сағат 09.00-де ата-аналарға арналған соңғы семинар (PPP) өтеді, онда біз мектептен тыс жұмыстың маңыздылығы және оқушының ерекше жетістігі туралы әңгімелейтін боламыз. Семинар сәл кішірек оқушылардың ата-аналарына арналған, алайда есігіміз баршаңызға ашық!
  • Әр семинардан кейін Шынар ханым ата-аналарға семинарда қолданылған презентацияны жібереді, бірақ кей ата-аналарға ол жетпей қалуы да мүмкін. Егер сіз презентацияларды алмаған болсаңыз, Шынарға хабарласуыңызды сұраймыз.

2026 жылғы түлектерге университеттердің шақыртулары 

  • Биыл Haileybury оқушылары әлемдік университеттерге түсудің жоғары деңгейін көрсетті. 
  • Олар QS World University Rankings рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік 10 университеттің 8-нен шақырту алды.
  • Бұл MIT, Imperial (x5), Stanford, Oxford, Harvard, Cambridge (x2), UCL (x9) және Caltech сияқты университеттер.
  • Мамандандырылған университеттерден де шақырулар алынды. Мысалы, бірнеше оқушы UAL (QS World University Rankings 2025 және 2026 жылдары Өнер және дизайн бойынша әлемде сегіз жыл қатарынан 2-ші орында),Kingston, Falmouth, Edinburgh және Glasgow-ға оқуға түсті.

Университетті таңдау

  • Оқушылар Unifrog арқылы,  сонымен қатар бізбен кеңесіп университетті таңдайды. Сәуір айында мектепке St Andrews, Exeter, Princeton, Coventry, Astana және Narxoz өкілдері келеді.
  • 25 сәуірде Villa-да "World EduFest" университеттер жәрмеңкесі өтеді. Оған Рассел тобының университеттері және әлемнің басқа да атақты университеттері қатысады. 
  • Бұл шараны Haileybury мектебі өткізбейді. Толығырақ - https://worldedufest.com/ сайтында 

Негізгі күндер

  • 12 сынып оқушыларына арналған Study Leave 27.04.2026 (дүйсенбі) және 20.05.2026 (сәрсенбі) аралығында өтеді. 
  • 20.05.2026 кейін оқушылар сабаққа оралады. Келу міндетті болып табылады. 
  • Барлық оқушыларға жазғы емтихандарда сәттілік тілейміз! Нәтижелер тамыз айында жарияланады. 

Көп рақмет! Келесі айда кездескенше! 

Құрметпен,
Sixth Form командасы - г. Уилкинсон, А. Муньоз және С. Стокерманс

Жаңалықтар
09.04.2026
Sixth Form және университетке түсу - сәуір
12-сынып ата-аналарына арналған қысқаша жаңарту: алдағы EPQ таныстырылым кеші, Sixth Form PPP бағдарламасының қорытынды семинары, 2026 жылғы түлектердің университеттерге түсу бойынша жоғары нәтижелері, университет өкілдерінің сапарлары және жазғы тоқсанның маңызды күндері туралы.
22.12.2025
Sixth Form және университетке түсу туралы ақпараттық хат - желтоқсан
Өткен айда біз жіберген SAT және 6th Form туралы ақпарат сіз үшін пайдалы болды деген үміттеміз. Сіздерді және отбасыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Олардың қарсаңында сіздермен маңызды ақпаратпен бөліскіміз келеді.
15.12.2025
Sixth Form және университетке түсу туралы ақпараттық хат - желтоқсан
Сіздерді және сіздің отбасыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Мереке қарсаңында университетке түсу туралы маңызды ақпаратпен бөліскіміз келеді.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат