Спорттық турнир

Өткен демалыс күндері мектебіміз 4 спорт түрінен екі күндік жарысқа қатысуға келген Haileybury Astana және The British School of Tashkent мектептерін қарсы алды.

Осылайша біз 11 жасқа дейінгі оқушыларымызды Бангкоктағы FOBISIA ойындарына дайындағымыз келді, онда олар Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа 8 мектебімен бәсекеге түседі.

5 және 6 сыныптарда оқитын 24 ұл мен қыздан тұратын біздің команда ақпан айынан бастап демалыс күндері, сондай-ақ жүзу және футбол бойынша ССА-лерде қызу дайындық үстінде. Олар жеңіл атлетика, бейсбол, жүзу және футболдан жарысты, барлық қатысушылар барлық 4 спорт түрі бойынша қатысты.

Барлық командалар өте жақсы нәтиже көрсетті, тамаша атмосфера болды. Барлығы әділ ойнады, қатысушылар үшін басқа ойыншыларға деген құрмет бірінші орында болды. Жарыс өте сәтті өтті деп айтуға болады. Келесі жылы да осындай жарыстарды өткізуге және Орталық Азия аймағынан тағы бір мектепті шақыруға ниетіміз бар.

Haileybury Almaty мектебі оқушыларға өз қабілеттерін көрсетуге және түрлі жарыстарға қатысуға мол мүмкіндік береді. Осы шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық қатысушыларға, жаттықтырушыларға және мектеп қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Оқушылар командасына (11 жасқа дейін) Бангкокта сәттілік тілейміз және алдағы уақытта тағы да көп жарыстар өткіземіз деп үміттенеміз. Біздің жаңалықтарды өткізіп алмаңыз!

Жаңалықтар
28.09.2023
Haileybury Almaty Ғылыми олимпиадасы 2023
Ғылыми олимпиада Haileybury Almaty мектебінің A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар конкурсының бірінші кезеңі болып табылады.
26.09.2023
Пікірсайыс әуесқойлары үшін керемет жаңалық.
Haileybury Almaty мектебі Haileybury Astana-мен бірлесе отырып, пікірсайыс әуесқойларын 14 қазанда өз бағын сынап көруге шақырады.
26.09.2023
Асанәлі Әшімовпен қазақ мәдениетіне және кино әлеміне шолу!
Біз кино саласының қайраткері, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімовпен кездесу құрметіне ие болдық!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат