Қуаныш сыйлаңыз: Солнышко үйінің тұрғындарына ерекше Жаңа жыл ұйымдастыру үшін бізге қосылыңыз

Мереке маусымы жақындаған сайын, біз жағдайы төмен адамдардың өміріне өзгеріс енгізу үшін жиналатын жылдың сол мезгілі.

«Солнышко» үйі, балалар мен қарттар үйі біздің жүрегімізде ерекше орын алады және біз сіздерді оның тұрғындары үшін есте қаларлық Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыруға шақырамыз. Кіші және жоғары сыныптардағы біздің адал шәкірттеріміз осынау жүрекжарды бастамаға дайындалу үшін аянбай еңбек етуде. Олар шын жүректен шыққан тілектерді аударып, Тілек шыршасын» Солнышко үйінің тұрғындары өз қолдарымен жазылған жаңа жылдық тілек карталарымен безендірумен айналысты.

Қатысу және мерекелік көңіл-күйді көтеру үшін:

  1. Негізі кіре берістегі “тілек шыршасынан” Сізге сәйкес келетін тілек картасын таңдаңыз және оны алыңыз.

  2. Тілектің астындағы картаны оның қабылданғаны туралы бізге хабарлау үшін мәліметтеріңізбен толтырыңыз. Картаны шыршада қалдырыңыз.

  3. Тұрғынның тілегін орындайтын сыйлықты сатып алыңыз және оны орап, оның сыртында алушының аты мен тегі жазылған сыйлық белгісін қосыңыз.

  4. 6 желтоқсанға дейін оралған сыйлықты қабылдау бөліміне әкеліңіз.

Қалғанын үйдегі қайырымдылық комитетіндегі жоғары сынып оқушылары шешеді. Олар Солнышко үйіне осы сыйлықтарды қаңтар айының басында жеткізіп, тұрғындардың жылы лебіздеріңізді қабылдауын қамтамасыз етеді.

Сыйлықтарға жұмсалатын жалпы сома 25 000 теңгеден аспауы керек. Егер тілектерде жеміс сұралса, оны сатып алмауыңызды сұраймыз, себебі сыйлықтар жеткізілгенше олар бұзылады. Бұдан басқа ақшалай қаражатты беріп жібере аласыз, ол ақшаға қарттар үйінің сұрауы бойынша бал, шәй, кофе, жаңғақ, жемістер,  кептірілген жемістер сатып алынады. Көмек берудің тағы бір амалы - біз қажетті нәрселерді сатып алуымыз үшін ақшалай сый беру.

Өткен жылдары көрсеткен қолдауларыңыз бен жомарттылықтарыңыз үшін біздің алғысымыз шексіз. Біз осы мереке мауысымын “Солнышко” үйінің балалары мен қарттары үшін жарқын етуді асыға күтеміз.

Бірге жиналып, осы Жаңа жылды ең мұқтаж тұлғалар үшін шынымен ерекше етейік. Сіздің мейірімділігіңіз үлкен болсын, кіші болсын, Солнышко үйінің тұрғындарының жүрегіне шексіз қуаныш сыйлайды.

Осы тамаша бастаманың бір бөлігі болып, қоғамдастыққа оң әсер еткеніңіз үшін рахмет.

Жаңалықтар
29.04.2024
Алиханды химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасында жеңіп алған қола медалімен құттықтаймыз!
Өткен аптада Шэньчжэнь қаласында (Қытай) химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтіп, әлемдегі ең талантты жас химиктер осы жерде бас қосты.
26.04.2024
Нурияның айрықша жетістігі: Haileybury Almaty-ден Шеффилд университетіне
Али Хаустың капитаны Нурия Рассел тобына кіретін беделді Шеффилд университетінен «Биомедицина» мамандығы бойынша оқуға шақыру алды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат