Мамандығы: «Философия, саясат және экономика» (сонымен қатар University of Warwick және King's College London университеттерінен ұсыныстар келді)
Данияр – Haileybury Almaty тарихындағы ең табысты оқушылардың бірі. Ол тек Оксфорд университетінде ғана емес, сонымен қатар болашақ мансабында да жетістікке жету үшін барлық қажетті дағдылар мен табандылық сияқты қасиеттерге ие.
Мамандығы: «Математика»
Шыңғыс – ізденімпаз және талапкер оқушы. Ол болашақ оқуында сәтті болуға үміттенеді және осы мақсатта берілген мүмкіндіктердің барлығын пайдалануға тырысады. Кембридж университетінде математиканы оқу оған осы салада өз әлеуетін толықтай ашуға негіз жасайды деп сенеміз.
Мамандығы: «Медицина»
Джун мектеп қауымдастығының көптеген аспектілеріне айтарлықтай үлес қосты және әрқашан басқаларға қолдау көрсетуге тырысты. Болашақта ол жоғары білікті дәрігер болады деп үміттенеміз.
Мамандығы: «Компьютерлік ғылымдар» (сонымен қатар University of Manchester и University of Edinburgh университеттерінен ұсыныстар келді)
Алишер Haileybury Almaty мектебінде 4 жыл оқып, осы уақыт ішінде қоғамымыздың табанды және қайсар мүшесі бола алды. Ол IGCSE квалификациясын өту кезінде көрсеткен академиялық білімнің жоғары деңгейін Алтыншы сатыда оқу барысында тағы бір рет көрсетті, бұл оның оқуға деген табандылығы мен дәйектілігін растайды.
Мамандығы: «Химия» (сонымен қатар University of Manchester и Aston University университеттерінен ұсыныстар келді)
Арман «Химия» пәнінен әрдайым жақсы нәтиже көрсетіп жүрді, енді ол химияны ең жоғары деңгейде оқуға мүмкіндік алды. Арман осы күрделі және келешегі зор мамандықты игеріп, университетте жетістікке жететініне бізде еш күмән жоқ.
Мамандығы: «Қала құрылысын жоспарлау және жылжымайтын мүлік»
Ануардың күрделі, талапты және ауқымды оқу курсын таңдауы оның академиялық табандылығы мен табысқа жетуге деген жігерлігінің дәлелі болып табылады. Ануар өз дәстүрлерімен мақтан тұтады және Алматы мен Қазақстанның өркендеуі мен тұрақты дамуына үлес қосқысы келеді.