Табыс тарихы: Еркежан

Осы семестрдің басында біз әйгілі Айви лигасының университеттеріне оқуға түскен түлектеріміз туралы айтқан едік. Алайда, біздің оқушыларымыздың жетістіктері мұнымен шектелмейді.

Бүгін біз сіздерге 2021 жылғы оқушылар қауымының жетекшісі Еркежанның жетістіктері туралы айтып бергіміз келеді.

Қазіргі таңда Еркежан АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Amherst College атты жетекші гуманитарлық университетінде білім алуда. Былтыр ол әлемнің 7 университетінен (АҚШ, Канада және Германия) шақырту алды, олардың кейбіреулері біздің түлегімізге оның оқудағы жетістіктері негізінде жартылай гранттар ұсынды.

Ерко экология және STEM салаларындағы жобаларға белсенді қатысты, сонымен қатар бас редактор қызметін атқарды. Еркежан математика, жоғары математика, физика, экономика және орыс тілі пәндері бойынша ең жоғары А* бағасына ие болды. Әрдайым белсенділік таныта білген Еркежан экономикалық және ғылыми жарыстарға қатысып, күміс және қола медальдарды жеңіп алған, ол сондай-ақ гендерлік теңдік және климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық форумдарға қатысқан.

Біз түлегіміз Еркежанды ерекше мақтан тұтамыз және оған болашақта тек сәттілік тілейміз!

Жаңалықтар
24.03.2023
Біздің оқушылар жүзеге асыратын инновациялық жобалар
Бұл Даниал, 12-сыныптың дарынды оқушысы. Ол біздің мектеп кітапханасы үшін керемет қосымша жасап шығарды!
22.03.2023
Nauryz celebration
Сіздерді бірлік пен өзара түсіністіктің мерекесі, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
17.03.2023
Ұлыбритания университеттері түлектерінің кездесу кеші
Бұл көңілді кеште Ұлыбританияның әртүрлі университеттерінің 100-ден астам түлектері, соның ішінде Haileybury Almaty мектебінің түлектері жиналып, бір-бірімен араласуға, байланыс орнатуға және тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Сізге мектебімізді және біз ұсынатын барлық мүмкіндіктерді жақсы түсінуге көмектесетін жаңа функциямызды ұсынуға қуаныштымыз. Виртуалды тәжірибе арқылы сіз мектебіміздің ерекше мүмкіндіктерін, оның артықшылықтарын көріп, қабылдау талаптары мен үдерісімен жақынырақ таныса аласыз.

Виртуалды тәжірибе құрастыру
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат