Мектеп мақтанышы - Санжарды шын жүректен құттықтаймыз!

Жақында ғана Санжар University College London университетін "Инженерлік іс бакалавры" мамандығы бойынша бірінші дәрежелә үздік дипломмен тәмамдады.

Санжар бізбен өз жетістігімен бөлісті.

Мен төрт түрлі мектепте оқығам. Қарапайым мемлекеттік мектептерде де, Қазақ-Түрік лицейінде де оқып, оқытудың әр түрлі әдістерін көрдім. Алайда менің тұлға ретінде қалыптасуыма және жалпы өміріме ең үлкен әсерін тигізген Haileybury Almaty мектебі деп сенімді түрде айта аламын.

Менің ойымша, посткеңестік білім беру жүйесінің басты мәселесі – оның фактілер негізделетін басқы себептеріне емес, фактілердің өзіне көбірек көңіл бөлуі. Жергілікті мемлекеттік мектеп оқушысы көп нәрсені білуі мүмкін, бірақ дәл осы нәрселердің қалай жұмыс істейтінін ол білмеуі де мүмкін. Haileybury мектебіндегі физика пәнінен алғашқы сынама емтиханынан «D» бағасын алғаным әлі есімде. Бұрын мен тек жаттап алған формулаларды қолданып, есеп шығаруды білгем, ал ол формулалар қайдан шыққаны туралы ойланбаппын. Өмірімде бірінші рет сыни тұрғыдан ойлау керек екендігін анық түсіндім. 

Мен оқу қиындықтарын жеңе алдым және Haileybury мектебін үздік бағалармен бітірдім, бұл маған UCL университетіне түсуге мүмкіндік берді. «Инженерлік іс» мамандығы бойынша 3 жыл оқығаннан кейін мен математика және басқа пәндерді жетік білуден бұрын сыни ойлау мен жасампаздық үздік инженерлерді барлық басқа адамдардан ерекшелендіретін бірден бір қасиеттер екенін түсіндім. Haileybury мектебі маған университетте жетістікке жетуге себеп болған жоғары сапалы білім берді.

Мен UCL-де оқығанды ұнатамын. Ия, бұл жерде оқу өте қиын, бірақ әлемдегі ең жақсы университеттердің бірінде білім алу бала кезімнен арманым болды. Мен Haileybury мектебі берген мүмкіндікті толығымен пайдалануға және күн сайын өзімді тұлға ретінде және кәсіби деңгейде дамытуға тырысамын. Инженерлік істе білімімді іс жүзінде қолдану маған ерекше ұнайды. UCL қолданатын практикалық әдістер студенттерге уақыттың едәуір бөлігін құрылғыларды жобалауға және құруға, зертханаларда тәжірибелер өткізуге, лекцияда өткен теорияларды тексеруге және нақты мәселелерді шешу үшін топтарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. UCL біз өмір сүретін әлемді өзгертуге дайын жан-жақты дамыған инженерлерді дайындайды.

Оқудан тыс мен Ұлыбританиядағы қазақ студенттер қауымдастығында жұмыс істедім. Біз Лондондағы орыс тілді студенттер үшін Қазақстанда қайырымдылыққа қаражат жинау үшін үлкен іс-шаралар ұйымдастырамыз. Біз мұқтаж балалар мен ересектерге көмектесу үшін әр жаз сайын 1500 фунт стерлингтен астам қаражат жинаймыз. Мен екі жылға жуық уақыт бойы қазақстандық қауымдастықтың барлық шараларын ұйымдастыруға жауапты бөлімді басқардым. Екінші курста оқып жүргенімде, UCL қазақстандық қауымдастығының вице-президенті және қаржы басқарушысы болдым. Haileybury мектебінде староста және баскетбол командасының капитаны  болғаным осы жауапты қызметтерге дайындауға өз үлесін қосты деп ойлаймын.

Алайда, Лондонда үшінші курста оқып жүргенімде, мен біраз қиындықтарға тап болдым. UCL-де оқу қиындықтарын бағындыруға тырысу барысында денсаулығымды нашарлатып алдым, сабағымды уақытша тоқтатуға тура келді. Дегенмен, бұл жағдай Haileybury мектебі маған үйреткен табандылық және батылдық сияқты қасиеттерді көрсетудің тағы бір мүмкіндігі болды. Өмірімізде орын алатын барлыө оқиғалар белгілі бір себеппен болатынына мен нық сенімдімін, бір жыл демалыстан кейін мен өзімді физикалық және психикалық жағынан жақсы сезінемін.

Менің мақсатым – дарынды оқушыларға стипендия ұсынып, оларды мектепте және мүмкін университетте оқып шығара алатындай, олардың әрі қарай жүруге және өз армандарын жүзеге асыруға себепкер бола алатындай қаржылық қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізу.

Жаңалықтар
26.04.2024
Нурияның айрықша жетістігі: Haileybury Almaty-ден Шеффилд университетіне
Али Хаустың капитаны Нурия Рассел тобына кіретін беделді Шеффилд университетінен «Биомедицина» мамандығы бойынша оқуға шақыру алды.
24.04.2024
Арайды қыздарға арналған математика бойынша Еуропалық олимпиададағы жүлделі орынмен құттықтаймыз!
Ең дарынды жас математиктермен бәсекелес болған Арай өзінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, үйіне қола медальмен оралды!
22.04.2024
Руйханның инженерлік және музыкалық таланты
Руйхан Imperial College London, Cornell University, King ' s College London, Durham University, Georgia Tech және Boston University сияқты әлемдегі жетекші инженерлік университеттерден шақырулар алғанын қуана хабарлайды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат