Haileybury қауымдастығы “Қазына аралы” сахналық адаптациясының жетістігін атап өтті

Өткен аптада Haileybury Almaty қоғамдастығының назарына Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» классикалық романы бойынша қойылған спектакль ұсынылды.

Бұл маңызды оқиға күрделі қойылымды сахнада лайықты ойнап шығу үшін аянбай еңбек еткен көптеген дарынды оқушылардың бірлескен жұмысынсыз мүмкін болмас еді. 

Оқушыларының еңбегін мақтан еткен актерлік шеберлік мұғалімі Дженни Берджесс қойылым туралы өз ойымен бөлісті: «Осы спектакльді сахнада сәтті ойнап шығу үшін көптеген адамдар қатысқан үлкен жұмыс атқарылды. Спектакльге дайындалу үдерісінен біз нағыз ләззат алдық, және көрермендер де біздің қойылымымыздан ләззат алады деп сенеміз».

«Қазына аралы» спектаклі – оқушыларымыздың тамаша жетістігі деп білеміз. Көрермендерді таңғажайып декорация, түрлі-түсті костюмдер мен оқушылардың актерлік шеберлігі тәнті етті. Шығармашылық топ барлығымыз да жақсы көретін қарақшылар оқиғасын бимен, қызықты дыбыс әсерлерімен және жарықтандырудың өзгеше әдісімен толықтырыпты, осылайша көрермендер қойылымның өте терең және эмоцияларға бай екенін толықтай түсіне алды.

Бұл қойылым Haileybury мектебінің дарынды оқушылары үшін өз қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Оған қатысушылардың жастары да, актерлік шеберлік деңгейлері де түрлі-түрлі болды, яғни тәжірибелі актерлер мен жаңадан ойнап бастаған оқушылар бірлесіп, тамаша ойын көрсете алды. Олардың күш-жігері мен актерлік ойынға деген сүйіспеншілігі көрерменнің ешқайсысын бей-жай қалдырмады.

Дженни Берджесс және оның командасы спектакльдің мінсіз өтуі үшін бар ынтасымен жұмыс істеді. Көрермендерге нағыз «Қазына аралы» әлемін көрсету үшін күрделі декорациялар, жарық пен дыбыс қоюдың өнертапқыштық әдістері қолданылды.

Спектакльдің сәтті өтуі Haileybury қоғамдастығының үлкен қолдауының арқасында мүмкін болды. Көрермендер қойылымңын жасампаздығын, энергетикасын және жалпы сапасын жоғары бағалады.

«Қазына аралы» оқушыларымыздың ерекше дарындылығын көрсетті. Бұл тамаша актерлер болашақта бізге тағы да ғажайып қойылымдар көрсете алатындарына күмәніміз жоқ! 

«Қазына аралының» сәтті шығуымен құттықтаймыз! Қажырлы еңбек пен жанқиярлықты көрсете білген оқушыларымызға мың да бір алғыс!

Жаңалықтар
29.03.2024
Даниал: Кемелдікке апаратын жол
Даниал керемет жетістікке жетті – ол Америка Құрама Штаттарының ең беделді университеттерінен оқуға шақырту алды.
21.03.2024
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Триместрдің соңғы аптасында Haileybury Almaty мектебі жаңа өмірді, махаббатты, мейірімділік пен достықтың мерекесі Әз-Наурызды атап өтті.
19.03.2024
Әйгерім: Haileybury Almaty мектебінен Berklee Даңқ залына дейін
Haileybury Almaty мектебінің түлегі Әйгерім беделді Беркли музыкалық колледжіне түскенін зор мақтанышпен және қуанышпен хабарлаймыз.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат