6-cынып оқушыларының жазғы кеші

6-cынып оқушыларының жазғы кеші

Бейсенбі, 7 маусым күні 6-сыныптың елу үш оқушысы өздерінің бітіру кештерін өткізді. Киген киімдері-ай! Керемет! Әлішер ағай өнер шеберлігін көрсетіп,  оқушыларды отбасыларымен, дос-жораларымен бірге фотоға түсірді. Бұдан кейін оқушылардың күткен думандары басталды-ау!

Иван ағай мен оқушылар Green Day атты топтың «Best Time of our Lives» әнінің ремиксін сахнада керемет орындады, тіпті, кейбір мұғалімдер көздеріне жас алды. Викторинаға қатыстық, фотоға да түсіп алдық, жүздеген қағаз ұшақтарын ұшқыздық, содан кейін әбден караокэде ән айтып, би билеп болған соң тіл үйірер тағамдардан дәм таттық. Бастауыш мектеп қыздарының басшысы Адель, ұлдардың басшысы Оливер және Астон ағай ниеттерін білдіріп сөз сөйледі. Әрі қарай ди-джей Кларк ағайдың ұйымдастырған биімен, түрлі ойындарымен жалғасты.

Осындай күшті іс-шараны ұйымдастырып, оған өздері де атсалысқаны үшін Фатима апайға, 6-сынып командасына және бүкіл бастауыш мектепке алғысымыз шексіз. Біздің 6-сынып оқушылары – ынталары зор балалар екен. Жарайсыңдар!

Жаңалықтар
20.12.2022
Haileybury Almaty English Olympiad 2022
Жақында Haileybury Almaty мектебі жыл сайынғы ағылшын тілі олимпиадасын өткізді.
24.11.2022
Профессор Дэбора Эйр в Haileybury Almaty
Haileybury Almaty мектебі профессор Дебора Эйрді қабылдауға қуанышты болды.
15.11.2022
Мектеп Автобусы Жаңалықтар
Алматы мен көлік кептелісі кейде қатар жүретін екі нәрсе. Өткен жылы мектеп айналасында көптеген көлік проблемаларын байқағандықтан, Haileybury Almaty мектебі автобус қызметін іске қосқанын қуана хабарлаймыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат