7 сынып оқушыларының Астана мен Бурабайға ұмытылмас сапары

Ұмтылмас сапар! 2024 жылғы 6-9 қыркүйек аралығында мектебіміздің 7-сынып оқушылары Астана мен Бурабайда болып, Қазақстанның ерекше сұлу жерлерін көріп, мәдениетімен танысты.

Бұл сапар оқушыларға таңғажайып табиғатты көруге, жеке өсу мен топтық байналысты нығайтуға мүмкіндік беретін іс-шараларға толы болды. Әйгілі Көшпенділер ойындары ерекше есте қалды, онда оқушылар қазақтың дәстүрлі ойындары мен мерекелеріне куә болып, елдің бай мәдени мұрасы туралы көбірек біле алды. 

Оқушыларымыз көңілді тимбилдингке қатысты, ынтымақтастықты дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту бойынша жаттығулар жасады. Бұл жаттығулар, сондай-ақ жаңа әсем жерлер барлық қатысушыларға қатты әсер етті.

Бұл сапар жай ғана ойын-сауық емес - біздің 7-сынып оқушыларымыз үшін бұл өз ой-өрісін кеңейтуге, өшпес естеліктер алуға және Қазақстанның бай дәстүрлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік болды.

Олардың көңіл-күйі мен шытырман оқиғаларға деген ұмтылысы бізді қатты қуантты. Олар өздерімен бірге қызықты оқиғаларды ғана емес, сонымен қатар Haileybury Almaty-да оқуын байытатын жаңа дағдылар мен тәжірибелерді де алып келді.

Осындай керемет сапар үшін мұғалімдеріміз бен оқушыларымызға мың алғыс!

Жаңалықтар
05.06.2026
Haileybury Almaty жазғы STEM-лагері 2026
Осы жазда Haileybury Almaty 5 пен 13 жас аралығындағы балаларға арнап STEM-лагерін ұйымдастырып жатыр. Бұл - білімге құмарлықты, шығармашылықты және мәселелерді шешу қабілетін дамытуға бағытталған практикалық сабақтар.
27.05.2026
Junior School HPL Oscars 2026
Өткен аптада өткен бұл іс-шара шығармашылықты, сенімділікті және High Performance Learning қағидаттарын дәріптеген ерекше мереке болды.
20.05.2026
Haileybury Almaty оқушылары (11 жасқа дейін) FOBISIA ойындарында тамаша нәтижелер көрсетті
Haileybury Almaty FOBISIA ойындарындағы 11 жасқа дейінгі оқушылардың жетістіктері туралы жаңалықтарымен бөлісуге асық. Оқушыларымыз жүзу және жеңіл атлетика сияқты дициплиналарда үлкен табандылығымен, командалық рухымен және спорттық мінезімен ерекшеленді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат