Эдинбург герцогінің жүлдесі

Жастарды марапаттайтын Эдинбург герцогы бағдарламасы (DofE) www.intaward.org Ұлыбританияда 1956 жылы Эдинбург герцогы ханзада Филипп ұйымдастырылған. Қазір бұл бағдарлама 144 елде жүзеге асырылуда. Жүлде жасөспірімдер мен жастарға «Six Declines of Modern Youth» атты феноменнің зерттеушісі Курт Хан модельдеген бірнеше өзін-өзі жетілдіру практикалық тапсырмаларын орындағаны үшін беріледі.

Еш кедергісіз қол жеткізуге болатын жүлде

DofE - бұл 14 пен 25 жас аралығындағы жастарға арналған жеке даму бағдарламасы. Оған кез-келген адам әлеуметтік тегіне қарамастан қатыса алады. Қатысушылар өздерін сынап, мінездерін анықтайды.

Жауапты қызметкерлеріміздің басшылығымен оқушылар таңдаған тапсырмаларын орындап, көрсеткен нәтижелері туралы электронды есеп ұсынады. Әр бөлім үшін минималды стандарттар белгіленген. Осы стандарттарды орындаған жағдайда ғана қатысушылар қола, күміс және алтын жүлдеге ие бола алады.

Жүлденің әр деңгейінде өзін-өзі тәрбиелеуге және топпен жұмыс жасауға баса назар аударылады

Өзін-өзі зерттеу...

Қай деңгей болса да Жүлде адамды (ақыл, дене және жан) әлеуметтік өзара әрекеттесу және топтық жұмыс жасау ортасында дамытатын теңдестірілген бағдарлама болып табылады. Жүлдені алу жолында оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің, ұйымдастырудың, ұйымшылдық пен күш-жігердің маңыздылығын түсінеді. Олар басқалармен жұмыс жасауды үйренеді. Жүлде деңгейлерінің әрқайсысы төрт бөлімнен тұрады: еріктілік, дағдылар, дене тәрбиесі және экспедиция. Алтын жүлдені алу үшін белгіленген мекенде бір апталық курс өту керек. Еріктілік жобаларына қалпына келтіру және табиғатты қорғау, жануарлар үйлеріне, балалар үйлеріне көмек көрсету, мектептегі іс-шараларды өткізу, мектеп қойылымдарын  безендіру және кітапханаға көмек көрсету сияқты жұмыстар  кіреді. Дағдылар музыкалық аспаптарда ойнау, би билеу, тамақ дайындау, жаңа тілдерді үйрену және шығармалар жазуды қамтиды. Дене шынықтыру – бұл әдетте мектептегі дене шынықтыру, сонымен қатар мектептен тыс футбол және баскетбол сияқты жеке спорттық іс-шаралар. Жүлденің әр деңгейінде өзін-өзі тәрбиелеуге және топпен жұмыс жасауға баса назар аударылады.

Экспедиция - өзіңізді және командаңызды сынау

Қатысушылардың көпшілігі үшін экспедиция Жүлденің әр кезеңінің ең қызықты бөлігі екені сөзсіз. Экспедициялар жазда Іле өзені мен Түрген шатқалының жанындағы Ассы үстіртінде өтеді. Оқушылар семестр бойы және мектеп демалысы кезінде тәжірибе жинақтау үшін қыста жаяу сапарларға қатысады. Қашықтық немесе ауа-райы экспедицияның сәтті өтуіне аса ісер етпейді, ең бастысы – инстинкт пен ағза тоқтауға шақырған жағдайда да «қимылдаған қыр асар» қағидасын ұстанған команданың көтеріңкі көңіл-күйі. Әр экспедицияны оқушылар мұғалімдердің жетекшілігімен жоспарлап отырады, ал Алтын жүлдеге ие болу үшін сыртқы сарапшылар топтардың табысқа жету үшін барлық жағдайларды орындағанын тексереді. Бұл оңай шаруа емес: төрт күндік экспедиция үшін қажет нәрсенің бәрімен толтырылған ауыр рюкзак арқалап, елдің ең қиын және оқшауланған жерлерін аралап шығу үшін бұл тапсырманы шын ниетпен орындауға құлшынып тұру керек.

UCAS, сондай-ақ осы бағдарламаға қатысушылардың бойындағы қасиеттерді бағалайтын жұмыс берушілер үшін Жүлде, атап айтқанда Алтын жүлде, маңызды болып келеді

Халықаралық жүлде не үшін қажет?

Жүлде, қай деңгей болса да, көшбасшылық және топтық жұмыс тәжірибесін ұсынады. UCAS, сондай-ақ осы бағдарламаға қатысушылардың бойындағы қасиеттерді бағалайтын жұмыс берушілер үшін Жүлде, атап айтқанда Алтын жүлде, маңызды болып келеді. Haileybury Almaty оқушылары өз мақсаттарына жету үшін қажетті барлық қасиеттерге ие екендіктерін дәлелдей алады. Әрине, оларды біздің кәсіби мамандар командасы қолдайды, бірақ барлығы оқушылардың өздеріне байланысты. Бұл өзіне деген сенімнің сынағы.

Эдинбург герцогінің халықаралық жүлдесі туралы көбірек біліңіз.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат