Мектепалды даярлық тобына қош келдіңіздер!

Құрметті ата-аналар!

Сіздерді және балаңызды Haileybury Almaty мектебінің Reception сыныбында қарсы алатыныма өте қуаныштымын.

Мектепке алғаш қадам басу – тек бала үшін ғана емес, бүкіл отбасы үшін маңызды кезең. Біздің ұжым алғашқы күндердің жылылыққа, сенімділікке және қуанышқа толы болуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады.

Сіздердің әрқайсыларыңызбен жақынырақ танысуды асыға күтеміз. Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда бізге хабарласыңыздар – біз әрдайым көмектесуге дайынбыз.

Ізгі ниетпен,

Сара Харман, Reception бөлімінің жетекшісі


Тамыз айына дайындалуға көмектесу үшін біз осы бетте сізге қажетті барлық ақпаратты жинадық: дайындық кестесі, тапсырылатын құжаттар және негізгі байланыс тұлғаларының байланыс ақпараты.

Барлық құжаттарды 21 тамызға дейін тапсыру керектігін ұмытпаңыз.

Оқу жылының басталуына дайындық

Төмендегі қадамдар балаңыздың тамыз айында мектепке келуіне дейін орындалуы қажет барлық рәсімдер бойынша сізге бағыт-бағдар береді.

  

15 маусымға дейін

Келісімшарттар, төлемдер және жеке құжаттар

  • Білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімшартқа қол қою
  • Оқу ақысын төлеу
  • Фотосуреттерді пайдалануға келісім беру
  • Балаңыздың төлқұжаты мен туу туралы куәлігінің көшірмелерін, сондай-ақ екі ата-ананың құжат көшірмелерін тапсыру

Маусым – тамыз

Медициналық тексеру

  • Қажетті мамандардың қабылдауынан өту
  • Баланың денсаулық паспортын және екпе картасын алу
  • Медициналық форманы толтырып, қол қою

Шілде – тамыз

Мектеп формасы және фотосурет

  • Мектеп дүкенінен мектеп формасын сатып алу
  • Балаңыздың ресми мектеп фотосессиясын ұйымдастыру үшін біз сізбен байланысамыз. Фотосессиялар 9 тамыздан бастап өткізіледі.

21 тамызға дейін

Мектеп формасы және фотосурет

  • Барлық толтырылған құжаттарды 21 тамызға дейін Қабылдау бөлімі мен Медициналық кабинетке тапсыру
  • Құжаттарды жаз бойы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00–15:30 аралығында тапсыруға болады
  • Келуіңізді алдын ала хабарлауыңызды сұраймыз
  • Parent Portal аккаунтын құрыңыз (нұсқаулық электрондық пошта арқылы жіберіледі)

Тапсырылатын құжаттар

Балаңыздың мектептегі алғашқы күніне дейін төмендегі құжаттардың әрқайсысын жүктеп алып, толтырып, біздің кеңсеге тапсыруыңызды сұраймыз.

  
Медициналық тексеру парағыМектепке келер алдында өту қажет барлық мамандардың тізімі.
Медициналық формаБаланың денсаулығы, аллергиялары, дәрі-дәрмектері және вакцинацияға келісімі туралы ақпаратты қамтиды. Қолмен толтырылып, екі ата-ана қол қоюы тиіс.
Профилактикалық егуге келісім беру нысаныМектептің балаңыздың вакцинация мәртебесін бақылауына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес жоспарлы егулерді ұйымдастыруға қолдау көрсетуіне келісіміңізді растау үшін осы нысанды толтырып, қол қоюыңызды сұраймыз.
Профилактикалық егуден бас тарту нысаныЕгер балаңыздың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары мен профилактикалық егулер күнтізбесіне сәйкес мектеп арқылы ұйымдастырылатын жоспарлы вакцинацияға қатысуына келісім бермесеңіз, осы нысанды толтырып, қол қоюыңызды сұраймыз.
Фотосуреттер мен дербес деректерді пайдалануға келісімБалаңыздың фотосуреттерін мектеп жарияланымдары мен коммуникацияларында пайдалануға келісім беретін-бермейтініңізді көрсетіңіз.


 

Медициналық тексеру бойынша нұсқаулық

  

Медициналық мекемені таңдау

Белгілі бір клиникаға немесе ауруханаға жүгіну міндетті емес. Сіз кез келген лицензияланған медициналық мекемені таңдай аласыз.

Қабылданатын тілдер

Біз медициналық құжаттарды ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде қабылдаймыз.

Егер құжаттар басқа тілде болса, нотариалды куәландырылған аударма қажет болады.

Әр анықтамаға қойылатын талаптар

Баланың толық аты-жөні

Медициналық мекеменің атауы, дәрігердің қолы мен ресми мөрі

Берілген күні

Медициналық құжаттарды тапсыру тәсілдері

Жеке мамандардың анықтамалары түрінде

Баланың денсаулық паспортында

Медициналық парақта көрсетілген түрде

Өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдай аласыз.


Вакцинация

Медициналық формадағы тиісті бөлімге қол қою арқылы өз таңдауыңызды көрсетіңіз.

Профилактикалық егумен келіссеңізПрофилактикалық егуден бас тартсаңыз

Профилактикалық егуге келісім беру нысанына қол қойыңыз

Баланың екпе картасын құжаттармен бірге тапсырыңыз

Профилактикалық егуден бас тарту нысанына қол қойыңыз

Екі нұсқа да медициналық форманың құрамына кіреді.

 

Медициналық құжаттар бойынша сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің медицина қызметкерлері сізге тікелей көмек көрсетуге әрқашан дайын:

, Мектеп дәрігері
Наталья Гоголина
Мектеп дәрігері

+7 701 572 0191

ngogolina@haileyburyalmaty.kz

, Мектеп медбикесі
Наталья Бикбулатова
Мектеп медбикесі

+7 701 221 3459

nbikbulatova@haileyburyalmaty.kz

Пайдалы құжаттар

Мектеп формасы, күн тәртібі, оқу күнтізбесі, мектеп ережелері және басқа да маңызды ақпарат.
Reception ата-аналар анықтамалығы 2026–2027
Ата-аналар жиналысының презентациясы

Reception сыныбына қош келдіңіз!

2026 жылғы тамыз айына дейінгі келесі қадамдар
Reception сыныбындағы мектеп өмірі туралы білуіңіз керек барлық ақпарат
Толығырақ оқу
Reception сыныбына қош келдіңіз!

Reception сыныбындағы бір күн

Балаңыздың күнделікті мектеп өміріне шолу.

Бейне: Reception сыныбындағы бір күн

Дайындық барысында кез келген сұрақ туындаса, Қабылдау бөлімі сізге көмектесуге әрқашан дайын.

Сіздің отбасыңызды Haileybury Almaty мектебінде қарсы алуды асыға күтеміз.

, Қабылдау бөлімінің меңгерушісі
Елнұры Атакозиева
Қабылдау бөлімінің меңгерушісі

Тел: +7 727 355 0100 (#240)

WhatsApp: +7 702 355 01 00

yatakoziyeva@haileyburyalmaty.kz

, Оқушыларды қабылдау бөлімі маманы
Алуа Тәуекел
Оқушыларды қабылдау бөлімі маманы

Тел: +7 727 355 0100 (#300)

WhatsApp: +7 702 355 01 05

atauyekel@haileyburyalmaty.kz 

, Қабылдау комиссиясының көмекшісі
Айнұр Тұрдыбекова
Қабылдау комиссиясының көмекшісі

Tel: +7 727 355 0100 (#254)

WhatsApp: +7 702 355 01 00

aturdybekova@haileyburyalmaty.kz

Жаңалықтар
05.06.2026
Haileybury Almaty жазғы STEM-лагері 2026
Осы жазда Haileybury Almaty 5 пен 13 жас аралығындағы балаларға арнап STEM-лагерін ұйымдастырып жатыр. Бұл - білімге құмарлықты, шығармашылықты және мәселелерді шешу қабілетін дамытуға бағытталған практикалық сабақтар.
27.05.2026
Junior School HPL Oscars 2026
Өткен аптада өткен бұл іс-шара шығармашылықты, сенімділікті және High Performance Learning қағидаттарын дәріптеген ерекше мереке болды.
20.05.2026
Haileybury Almaty оқушылары (11 жасқа дейін) FOBISIA ойындарында тамаша нәтижелер көрсетті
Haileybury Almaty FOBISIA ойындарындағы 11 жасқа дейінгі оқушылардың жетістіктері туралы жаңалықтарымен бөлісуге асық. Оқушыларымыз жүзу және жеңіл атлетика сияқты дициплиналарда үлкен табандылығымен, командалық рухымен және спорттық мінезімен ерекшеленді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат