- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Біз Haileybury Almaty мектебін 2024 жылы бітірген еңбекқор және дарынды оқушыларымызды мақтан тұтамыз. Олар A-Level емтихандарынан тамаша нәтижелер көрсетті, ал кейбіреулері мектеп тарихындағы ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді. A-Level бойынша 10 бағаның алтауы - “А*” немесе “А”, ал 10 бағаның 8-і - “А*” мен “В” аралығында болды. A-Level әйгілі университеттерге түсуге мүмкіндік беретін әлемдегі ең танымал бағдарлама болып қала береді.
2024 жылғы түлектеріміз Корнелл, Стэнфорд, Калифорния техникалық университеті, Беркли, Нью-Йорк, Торонто, LSE, UCL және Уорвик сияқты АҚШ, Канада, Еуропа, Таяу Шығыс, Азия мен Австралияның үздік университеттеріне оқуға түсті. Оқушылармыздың жеңіп алған шәкіртақы сомасы 4,8 миллион доллардан асты, бұл ең жоғары деңгейдегі академиялық жетістіктерді көрсететін рекордтық сома.
Кеше ғана Haileybury Almaty мектебінде оқып жүрген оқушыларымыз енді заң, қаржы, экономика, инженерия, робототехника, биотехнология, астрофизика, жасанды интеллект, неврология, информатика, музыка, психология және гуманитарлық ғылымдар сияқты мамандықтар бойынша білім алатын болады. Түлектерімізге білім жолының келесі кезеңін сәтті бастауға тілейміз! Ақ жол!
Сіз Haileybury Almaty мектебіндегі барлық қызықты жаңалықтарды бірінші болып естисіз, алдағы оқиғалар туралы үнемі хабарламалар алып отырасыз және грантқа оқу мүмкіндіктері туралы біле аласыз. Біздің жаңалықтарымызды бұдан былай алғыңыз келмесе, жазылымнан кез келген уақытта бас тарта аласыз.
* Біз сіздің жеке деректеріңіздің құпиялылығына үлкен мән береміз және жеке ақпаратыңызды ешқашан үшінші тарапқа бермейміз.
Мы отправили вам письмо для подтверждения подписки. Пожалуйста, проверьте свой почтовый ящик.
Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.
Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз
Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!
Сандық буклет жасауҚұрметті ата-аналар!
Haileybury Almaty 23 маусым мен 31 тамыз аралығында жазғы демалыс пен күрделі жөндеуге жабылады. Әкімшілік команда онлайн режимде 09:00–16:00 аралығында жұмыс істейді. Қабылдауға қатысты сұрақтар бойынша сайттағы Admissions бөлімін қараңыз немесе admissions@haileyburyalmaty.kz, WhatsApp +77023550100 немесе +77023550105 арқылы хабарласыңыз. Сіздерге шуақты, шабытты және көңілді жаз тілейміз! 1 қыркүйекте Білім күні қарсаңында баршаңызды қуана қарсы аламыз!
Құрметпен,
Haileybury Almaty