Саймон Миллс мырзамен 30 минут

Қазақстанды шетелдегі алғашқы жұмыс орны ретінде екінің бірі таңдай бермейді, алайда табиғатты жақсы көретін Саймон Миллс үшін Алматы қаласында мектеп директоры болып жұмыс істеу тартымды мүмкіндік болып көрінді.

География пәнінің маманы және белсенді демалыс әуесқойы Саймон Миллс Қазақстандағы британдық үлгідегі Haileybury Almaty мектебінің директоры ретінде өзінің жаңа рөлін аса ұнатады. Тянь-Шань таулары қаладан небәрі 20 минуттық жерде орналасқан, ал Алматы – заманауи, әрі өмір сүруге қолайлы қала. Саймон мырзаның айтуынша, ол «келгелі бері осы жерге ғашық болды».

Бірақ ол мұнда келгенге дейін жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орында тұрған Қазақстан туралы өте аз білгенін мойындайды.  

«Мен географияны оқыдым және Қазақстанды немесе «стан» жұрнағы бар кез келген басқа елді әлем картасында дұрыс орналастыра алатыныма сенімді емеспін», - дейді ол.  

Саша Барон Коэн бұл аймаққа белгілі бір жарнама жасағанымен, Қазақстан еуропалықтар үшін әлі де белгісіз аймақ болып табылады, сондықтан Саймон мырза болашақ қызметкерлерді қызықтыру үшін біраз еңбектенуі керек.  

«Жаңа қызметкерлерді жұмысқа алған кезде елді қысқаша таныстырып өтуіңіз керек. Адамдар бұл шынымен заманауи, қалыпты қала екенін көруі үшін мен оларға бейнежазба көрсетемін... Осында келгеніме дейін Алматы туралы аса көп білмедім және айта кетуім керек, бұл қала мені қатты таң қалдырды. Қазақстанның Ұлыбританиядан алыстығы және осы ел туралы білімнің аздығы қиындық тудыруы мүмкін».  

«Бұл қиындықтардан қорқатын директор емес»

Алайда Миллс мырзаның кәсіби шеберлігі мол екені анық: ол еңбек жолын BP компаниясының сату және маркетинг бөлімінде бастады және Шотландияның батысындағы Ломонд мектебін басқармас бұрын география пәнінің мұғалімі болды. Соңғы уақытқа дейін ол Абердиндегі Роберт Гордон колледжінің директоры болып жұмыс атқарды.

Бұл қиындықтардан қорқатын директор емес. Шынында да, шотландық қиын кезеңдерде өркендейтін көрінеді. Соңғы уақытта қиыншылықтар жаһандық пандемия түрінде келді және директордың айтуынша, Haileybury Almaty мектебі індет басталғаннан бері қиындықтарға төтеп береді. Өткен жылдың көктемінде онлайн білім беруге өттік және қазіргі таңда Жоғары мектеп оқушылары мектепке оралды. Бастауыш мектеп оқушылары да офлайн оқуға қайта оралды.   

Қазақ еліндегі жағдай Ұлыбританиядағы ауыр жағдайға қарағанда жақсырақ және де Миллс мырза оптимистік көңіл күй сақтай біледі.     

«Мен 2021 жылға оптимистік көзқараспен қараймын. Кезінде біреу мектеп басшылығы - үмітке толы қойма деп айтқан».   

Оның үстіне, директор мырза онлайн білім беруге көшу «біздің мамандығымыз үшін өте пайдалы» деп санайды.   

«Сандық оқыту айтарлықтай дамыды және гибридті оқыту Covid эпидемиясы аяқталғаннан кейін де жалғаса береді», - дейді ол.  

Оның қарамағындағы 3 пен 18 жас аралығындағы 700 оқушыға келетін болсақ, ол олардың қашықтықтан білім беру жүйесіне жақсы бейімделгендеріне өте риза.   

«Біз дұрыс бағытта дамып жатырмыз дегенге сенімдімін. Әрине, кейбір балалар камераларын өшіріп тастап, сізді оңай алдауы мүмкін және де бала алдыңызда отырғанның артықшылықтары көп» дейді ол.  

Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, біз қызметкерлерге сабақтарын араластырып, компьютерден тыс тапсырмалар мен жаттығулар беруге шақырамыз.  

«Сіз әр қадамыңызды ақылға салып жасауыңыз керек, себебі осы қиын кезде адамдар жай ғана бас тарта салады», - дейді ол.  

Осы және басқа да мәселелерді шешуде Миллс мырзаға алты адамнан тұратын жоғары басшылық тобы қолдау көрсетеді және олар 124 мұғалімді басқарады.  

«Мұнда таңдау көп және амбицияларында әлемнің үздік оқу орындарын көздейтін бірнеше отбасы бар».

Балалар арасында жан-жақтылықты, соның ішінде көшбасшылық қабілетті және мінез-құлықты тәрбиелеу бағытында көп жұмыс жасалынады. Біз Global Teaching Labs бағдарламасының мүшесіміз, мектебімізге Массачусетс технологиялық институтының жоғары курс студенттері келіп, үш апта бойы оқушыларымызға сабақ, қолданыстағы оқу бағдарламасын толықтыратын Stem пәндері бойынша курстар өткізеді. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушыларды әлемдік деңгейдегі университеттерге түсу ұмтылыстарын күшейтетін дарынды студенттермен жолықтыру.   

Саймон мырза сонымен қатар халықаралық Эдинбург герцогі жүлдесінің жанкүйері болып табылады. Бұл бағдарлама балаларға өздерінің жайлы аймақтарынан шығып, өздерін сынауға мүмкіндік береді. Haileybury - осы жүлденің Орталық Азиядағы ең ірі орталығы.  

Шынында да, бұл бағдарламалар оның 700 оқушысына шетелдің ең үздік университеттеріне түсуге және елге оралып, Қазақстанның дамуына үлес қосу армандарын жүзеге асыруға көмектеседі. Директордың ойынша, Алматы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан, Қазақстандағы мәдени төзімділік «өте жоғары деңгейде».   

«Мұнда таңдау көп және амбицияларында әлемнің үздік оқу орындарын көздейтін бірнеше отбасы бар», - деді Миллс мырза және оқушылардың Йель, Колумбия және Нью-Йорк университеттерінде оқығандарын атап өтті.  

«Бұл жастар Қазақстанға оралып, елге көмектескісі келеді, сондықтан бұл өте маңызды жоба», - дейді ол.  

Білім беру жағына келетін болсақ, Миллс жоғары тиімді оқытудың бес жылдық жоспарын құруда, бұл тәсілге сәйкес дұрыс жағдай және дұрыс орта мен қамтамасыз етілген бала жоғары нәтиже көрсетеді.   

Жергілікті жеке мектептер нарығы Covid пандемиясынан зардап шеккенімен, Саймон мырза «Sixth Form» оқушылар санын 60-тан 80 оқушыға дейін көбейтуді көздейді және қазіргі уақытта балабақша мен мектепке дейінгі білім беру мекесін салу жоспарлануда.  

«Нарық үнемі өзгеріп отырады, сондықтан біз жылдан-жылға өсе беруіміз керек».

2008 жылы құрылған Haileybury Орталық Азиядағы алғашқы британдық тәуелсіз мектеп және де мектептің басқа мектептердің арасында беделі жоғары. 2011 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Haileybury Astana мектебі ашылды.    

«Пандемия көп нәрсені өзгертті, мекемелер жабылып, кейбір кәсіпорындар шығындарды азайтуға мәжбүр болды», - дейді Саймон Миллс.  

«Біз нарықтағы үлесімізді сақтап қалдық, бірақ мен мұнымен тоқтап қалмаймын: нарыққа жаңа бәсекелестер келді, кейбіреулері арзан бағаға білім беруге дайын. Нарық үнемі өзгеріп отырады, сондықтан біз жылдан жылға қызмет көрсету сапасын арттыруымыз керек. Нарық орта класс өскен сайын өзгере береді».  

Осылайша, Саймон Миллс мырза алдағы бірнеше жылда қиындықтарға төтеп беруге дайын екені анық. Көптеген жылдар бойы басқа мектептерді басқарған ол неліктен осы мектепті басқара алмайды?  

Директордың өмірге құштарлығы және шаңғы тебуге сүйіспеншілігі мол. Бұл қадамға оны үш баласының үйден кетіп, ересек өмірге аттанулары, сондай-ақ әріптесінің ауыр сырқаты итермеледі.  

«Саяхат туралы армандарыңызды кейінге қалдырсаңыз, оларға ешқашан жете алмауыңыз мүмкін. Өмір дәл қазір өмір сүру үшін берілген, сәтті жіберіп алмаңыз. Армандарыңызды зейнет жасына қалдырмай, күш, денсаулық және ынта бар кезде орындаңыз.  

Қазақстанға келуіме еш өкінбеймін».  

Жаңалықтар
24.04.2024
Арайды қыздарға арналған математика бойынша Еуропалық олимпиададағы жүлделі орынмен құттықтаймыз!
Ең дарынды жас математиктермен бәсекелес болған Арай өзінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, үйіне қола медальмен оралды!
22.04.2024
Руйханның инженерлік және музыкалық таланты
Руйхан Imperial College London, Cornell University, King ' s College London, Durham University, Georgia Tech және Boston University сияқты әлемдегі жетекші инженерлік университеттерден шақырулар алғанын қуана хабарлайды.
17.04.2024
Альмина беделді Браун университетіне оқуға түсті
Haileybury Almaty Альминаны көрнекті жетістігімен - Айви лигасының құрметті мүшесі және АҚШ-тың 9-шы үздік университеті болып табылатын Браун университетіне түсуімен - құттықтауға қуанышты!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат