Вебинар A–Level - әлемнің үздік университеттеріне апарар жол

Құрметті Haileybury қауымдастығы!

Біз сіздерді британдық білім туралы «A-Level - әлемнің үздік университеттеріне апарар жол» тақырыбына арналған EUROBAK вебинарына қатысуға шақырамыз.

Осы сессия барысында Haileybury Almaty өкілдері A-Level жүйесінің мықты жақтары, оның қалай жұмыс істейтіндігі, A-Level жас адамдарда не дамытатыны туралы айтып береді, ал доктор Пол Уингфилд әлемнің үздік университеттеріне, атап айтқанда Кембриджге өтінім беру процесі туралы, сондай-ақ университеттерге түсу кезінде GCSE және A-level нәтижелері қалай пайдаланылатыны туралы айтып береді.

Күні: 29 қаңтар (жұма) 2021 ж.

Уақыты: 15.00-16.00

Тілі: Ағылшын

Вебинарға тіркелу үшін 28 қаңтарға дейін төменде орналасқан онлайн тіркелу сілтемесіне басыңыз. Тіркелгеннен кейін, іс-шара басталардан бір күн бұрын сізге вебинарға қатысу сілтемесі жіберіледі.

Спикер

Саймон Миллс, Директор Haileybury Almaty.

Жаңа қызметіне 2020 жылдың тамызында кірісті. Бұған дейін Миллс мырза Роберт Гордон колледжін басқарған, ол оған 2014 жылдың тамызында қосылды. Роберт Гордон колледжі -Шотландиядағы ең ірі тәуелсіз мектептердің бірі және Ұлыбританияның ең сәтті тәуелсіз мектептерінің бірі. Бұрын ол Ломонд мектебінің директоры және Портсмут гимназиясының екінші мастері (директордың аға орынбасары) қызметтерін атқарған. Саймон Кембридж университетінің Пембрук колледжін география магистрі дәрежесімен бітірді.
Саймон мырза A-Level жүйесінің мықты жақтары, жүйенің қалай жұмыс істейтіні, A-Level жас адамды қалай дамытатыны туралы әңгімелейді.
Саймон Миллс,  Директор Haileybury Almaty.
Speaker

Майк Джейкоби, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Майк мырза бұған дейін Лондондағы Сент-Пол мектебінің физика факультетінің жетекшісі ретінде қызмет атқарған, Лондонның халықаралық банктерінде сауда жөніндегі директор ретінде 20 жыл жұмыс істегеннен кейін ол мұғалім ретінде қайта даярланып, соңғы 10-жыл білім беру саласында еңбектеніп келеді. Майк Кембридждегі Даунинг колледжінің теориялық физика магистрі дәрежесіне ие.
Майк мырза A-Level жүйесінің мықты жақтары, жүйенің қалай жұмыс істейтіні, A-Level жас адамды қалай дамытатыны туралы әңгімелейді.
Майк Джейкоби, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Шақырылған спикер

Доктор Пол Вингфилд, Оқушыларды қабылдау бөлімі, Тринити-колледж, және Гонвилл мен Кай колледжі, Кембридж университеті

Доктор Уингфилд Манчестердегі Четем музыка мектебінде және Кембридж Корольдік колледжінде оқыды, онда музыка ғылымдарының докторы дәрежесін алды.
Пол мырза студенттерді қабылдау саласында үлкен тәжірибеге ие және Кембридждің бірнеше басқа колледждерінде кеңесші болып жұмыс істеді. Ол болашақ үміткерлермен, мұғалімдермен және әкімшілік қызметкерлермен үнемі байланыста. Оның Кембриджге және Ұлыбританияның басқа да университеттеріне шетелдік студенттерді қабылдауда ерекше тәжірибесі бар және Тринити колледжінің оқушыларды қабылдау бөлімінде жұмыс істеген кезінде Ұлыбританиядан тыс талапкерлердің санын үш есеге арттырды.
Доктор Пол Вингфилд,  Оқушыларды қабылдау бөлімі, Тринити-колледж, және Гонвилл мен Кай колледжі, Кембридж университеті

Біздің түлектеріміз A-Level оларға университет таңдауда, сондай-ақ мансап таңдауда қалай көмектескені туралы айтып береді.

Пайдалы сілтемелер:
Кембридж университетінің студенті және Haileybury Almaty түлегі Шыңғыс Haileybury-де A-Level бағдарламасында оқу тәжірибесі туралы әңгімелейді
Кембридж университетінің студенті және Haileybury Almaty түлегі Шыңғыс Haileybury-де A-Level бағдарламасында оқу тәжірибесі туралы әңгімелейді
Haileybury Almaty Жоғары Мектебінің виртуалды тәжірибесі
Haileybury Almaty Жоғары Мектебінің виртуалды тәжірибесі
Біздің A-Level деңгейіндегі үздік нәтижелеріміз
Біздің A-Level деңгейіндегі үздік нәтижелеріміз
Жаңалықтар
26.04.2024
Нурияның айрықша жетістігі: Haileybury Almaty-ден Шеффилд университетіне
Али Хаустың капитаны Нурия Рассел тобына кіретін беделді Шеффилд университетінен «Биомедицина» мамандығы бойынша оқуға шақыру алды.
24.04.2024
Арайды қыздарға арналған математика бойынша Еуропалық олимпиададағы жүлделі орынмен құттықтаймыз!
Ең дарынды жас математиктермен бәсекелес болған Арай өзінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, үйіне қола медальмен оралды!
22.04.2024
Руйханның инженерлік және музыкалық таланты
Руйхан Imperial College London, Cornell University, King ' s College London, Durham University, Georgia Tech және Boston University сияқты әлемдегі жетекші инженерлік университеттерден шақырулар алғанын қуана хабарлайды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат