Мектепке Кембридж университетінің психология факультетінің аспиранты Эмили Таунердің келуі.

Жақында Haileybury Almaty мектебімізге беделді Кембридж университетінің психология факультетінің аспиранты Эмили Таунер келді.  

Эмили біздің ерекше қонағымыз болды. Ол неврология, мидың дамуы және жасөспірімдердің санасы сияқты қызықты салалардағы білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Біздің ата-аналарымыз бен оқушыларымыз ол берген пайдалы ақпаратпен танысуға бірегей мүмкіндік алды.

Эмили адам миының күрделілігі, оның дамуы және жасөспірімдер санасының ерекше сипаттамалары туралы дәріс оқыды. Оның перезентациясында соңғы зерттеу деректері көбінен қолданылды, сол себепті ол тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты да болды.

Ол неврологияның күрделі сұрақтарын қол жетімді түрде түсіндіріп, миымыздың қалай дамып, жұмыс істейтіні және бұл процестер біздің мінез-құлқымызға, оқуымызға және жалпы аман-саулығымызға қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

Біздің ата-аналарға дәріс ерекше ұнады, өйткені ол арқылы олар өздерінің жасөспірім балаларының бойында болып жатқан өзгерістерді жақсы түсіне алды. Ал оқушылар өздерінің дамуы туралы ғылым жөнінде білу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл мүмкіндік біздің қоғамдастыққа мидың жұмысын, оның даму үдерісін терең түсінуге көмектесті. Біз адам санасының күрделілігі мен таңғажайып мүмкіндіктерін жақсырақ түсіне алдық.

Эмилиге өз білімін бізбен бөлісуге уақыт бөлгені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз алған білім өзімізді және бір-бірімізді жақсы түсінуге көмектесетініне сенімдіміз.

Біздің блогты оқып отырыңыз, сонда Haileybury Almaty мектебінің барлық қызықты оқиғалары мен қонақтары туралы біліп отырасыз! 

Жаңалықтар
29.04.2024
Алиханды химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасында жеңіп алған қола медалімен құттықтаймыз!
Өткен аптада Шэньчжэнь қаласында (Қытай) химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтіп, әлемдегі ең талантты жас химиктер осы жерде бас қосты.
26.04.2024
Нурияның айрықша жетістігі: Haileybury Almaty-ден Шеффилд университетіне
Али Хаустың капитаны Нурия Рассел тобына кіретін беделді Шеффилд университетінен «Биомедицина» мамандығы бойынша оқуға шақыру алды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат