Балкандағы табыс

Балкандағы табыс

Юрий Т., біздің оқушымыз, Қазақстанның ұлттық құрамасы мүшесі ретінде 2019 жылдың 20-25 маусым аралығында Агрос қаласында (Кипр Республикасы) өткен 23-ші Жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасына (JBMO-2019) қатысты.

 Бұл халықаралық жарысқа әлемнің 16 елінен 97 оқушы қатысты. Жалпы олимпиадада 17 команда (Кипр Республикасы олимпиада ұйымдастырушысы болғандықтан 2 команда шығара алды).

 Бұл командалардың 10-ы Балкан түбегінен (Болгария, Кипр, Греция, Молдова, Черногория, Солтүстік Македония, Сербия, Босния және Герцеговина, Албания, Румыния) және 7 команда қонақ елдерден (Қазақстан, Кипр, Әзірбайжан, Сауд Арабия, Хорватия, Франция, Эквадор) келді.

Жеке жарыста Юрий жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медальмен марапатталды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы Жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасында 179 ұпай жинап, екінші орынды иеленіп, бұл жарысқа қатысу тарихындағы ең жоғары нәтижені көрсетті. Біздің оқушыларымыз тек Румыния командасына ұтылды (1 орын). Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда қоржыны 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медалімен толтырылды.

 Юрийді осындай маңызды жеңісімен құттықтаймыз және математика саласында жаңа биіктерді жеңіп алуды тілейміз!

Жаңалықтар
16.09.2022
Roald Dahl Day
13 қыркүйекте Haileybury Almaty әлемге әйгілі балалар жазушысы Роальд Далдың шығармашылығын атап өту үшін көптеген мектептерге қосылды.
08.09.2022
Патшайым Елизавета II 70 жылдық биліктен кейін 96 жасында қайтыс болды
Британ қоғамдастығы, Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектебінің қызметкерлері, ата-аналары мен оқушылары атынан Ұлы Мәртебелі Королева II Елизаветаның отбасына көңіл айтамыз.
07.09.2022
Haileybury Almaty мектебінің 9 және 12-сынып академиялық грант иегерлері
Жақында академиялық стипендия алған 9 және 12 сынып оқушыларын құттықтаймыз!
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат