![](https://www.haileybury.kz/storage/posts/25144471876315872e7949f6.29295988_Saniya.jpg)
Құттықтаймыз, Сәния!
Haileybury Almaty оқушылары екі жыл қатарынан Халықаралық экономикалық олимпиаданың медалін жеңгенін қуана хабарлаймыз. Былтырғы жүлдегер Данат қазір Йель университетінде оқып жатыр, биылғы жүлдегер Сәния болды.
⠀
Сәния 2022 жылы және 2021 жылы Экономика және қаржы бойынша ұлттық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.
⠀
Экономика және қаржы бойынша ұлттық олимпиаданың бес финалисті 2022 жылы Қытайда өткен халықаралық экономикалық олимпиадада Қазақстан құрамасының атынан шығу үшін таңдалды. Пандемияға байланысты жарыс онлайн режимінде өтті. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 44 топ қатысты. Сәния керемет нәтиже көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды.
⠀
Өткен оқу жылында Сәния WISPO 2021 күміс медалін алды; Haileybury Almaty командасының құрамында ол Tozbe жобасымен (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қосымша) әйелдер арасында ұлттық CodeW кодтау байқауында 1-орынға ие болды, Infomatrix Asia 2022 байқауында алтын медаль жеңіп алды, сонымен қатар Technovation жартылай финалисті болды.