Хейлибери Алматыдағы климаттық іс-қимыл күні

Haileybury Almaty мектебі 4 қараша күні Климаттың өзгеруімен күрес күнін атап өтті

6 апта бұрын біз 140-тан астам елден 2,7 миллионнан астам оқушыны біріктіретін Climate Action Project жобасын іске асыра бастадық, оның аясында 12 және 13 сыныптарда оқып жүрген грант иегерлері аптасына екі рет 7, 8 және 9-сынып оқушыларымен Климаттық дағдарыс туралы сөз қозғады.

Бұл жобаның шарықтау шегі Климаттың өзгеруіне қарсы күрес күні болды, оның аясында біз Глазгодағы өтіп жатқан COP26 Саммитін және ханзада Уильямның жолдауын тікелей эфирде көрсеттік.

Осы күні біз барлық Жоғары мектеп оқушыларымен климаттың өзгеруіне қарсы іс-әрекеттер жобасы, COP26 туралы әңгімелестік және оқушыларға «Жарыс жалғасуда» атты фантастикалық деректі фильмін көрсеттік, фильмнің негізгі тақырыбы – адамзатта климаттың өзгеруіне қарсы шешімдердің бар екендігі және осы шешімдерді жүзеге асырудағы әрбір адамның рөлі маңызды екендігі айтылады. Соңында біз Қазақстан үкіметінің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі соңғы міндеттемелерін қарастырдық.

Сонымен қатар, біз «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша үздік мектеп» марапатын алғанымызды атап өттік, бұл марапатқа әлемнің 250 мектебі ғана ие. Cartoon Network қаржыландыратын бұл марапатқа тақта, сандық белгі және сертификат беріледі және болашақта Cartoon Network-пен тікелей ынтымақтастық кіреді.

Енді біз мектепте және жергілікті қоғамдастықта тұрақты даму жобаларын әзірлеуді көздеп отырмыз, бұл жұмысты іске асыруда грант иегерлері және оқушылардың рөлі ерекше.

Жаңалықтар
29.03.2024
Даниал: Кемелдікке апаратын жол
Даниал керемет жетістікке жетті – ол Америка Құрама Штаттарының ең беделді университеттерінен оқуға шақырту алды.
21.03.2024
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Триместрдің соңғы аптасында Haileybury Almaty мектебі жаңа өмірді, махаббатты, мейірімділік пен достықтың мерекесі Әз-Наурызды атап өтті.
19.03.2024
Әйгерім: Haileybury Almaty мектебінен Berklee Даңқ залына дейін
Haileybury Almaty мектебінің түлегі Әйгерім беделді Беркли музыкалық колледжіне түскенін зор мақтанышпен және қуанышпен хабарлаймыз.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат