Haileybury Almaty-да "БҰҰ Моделі" конференциясы өтті

29-30 қарашада Haileybury Almaty-да "БҰҰ Моделі" (MUN) конференциясы өтті, оған Алматы қаласы және Алматы облысынан 120 делегат қатысты. 

Конференция мектептің жетекші академиялық шараларының бірі болып табылады, оның барысында мектеп оқушылары көпшілік алдында сөйлеу, көшбасшылық, топтық жұмыс және пікірталас дағдыларын жетілдіреді және күрделі жаһандық мәселелерді талқылайды.

Жаһандық аренадағы көшбасшылықтың шабыттандыратын мысалдары  

Биылғы жылы конференцияда екі тамаша спикер сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды шабыттандырып, бір дем беріп кеткендей болды. 

  • Жан Карсыбаев, Big Sky CAPITAL VC басқарушы серіктесі

  • Ақмарал Сман, Queen Mary University of London магистранты, халықаралық банктер мен Біріккен Ұлттар Ұйымына кеңес беретін әлеуметтік ықпал және экологиялық жұмыс орындары бойынша сарапшы

Өз сөздерінде олар оқушыларды алдына қойған мақсаттарға сенімді түрде қол жеткізіп, әртүрлі көзқарастарға ашық болуға және өз стратегияларын қолдана отырып, әлемді жақсы жаққа өзгертуге шақырды.

БҰҰ-ның бес комитетінде өткен пікірталастар

Екі күн ішінде делегаттар БҰҰ-ның бес жетекші комитетінде әртүрлі мәселелерді белсенді түрде талқылады:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы (БҰҰ АА)

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі (БҰҰ ҚК)

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі (БҰҰ МӨСШК)

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ)

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭКОСОС)

Өз көзқарастарын білдіріп, сындарлы келіссөздер жүргізіп, сенімді шешімдер қабылдап, делегаттар дипломатиялық шеберлік пен сыни ойлаудың жоғары деңгейін көрсетті.

Марапаттар 

Ең дарынды делегаттар лайықты марапаттарға ие болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы

Үздік делегат: Салтанат Кожагелдиева

Көрнекті делегат: Курман Газиза

Үздік позициялық құжат: Нурбуби Мусабек

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 

Үздік делегат: Альжанов Нурлыбаев (Ауғанстан)

Көрнекті делегат: Сэмюэл Моран Кан (Гайана)

Үздік позициялық құжат: Мансур Арыстан (Корея Республикасы)

БҰҰ МӨСШК

Үздік делегат: Олжас Арсен (Америка Құрама Штаттары)

Көрнекті делегат: Кабидолда Жания (Ресей Федерациясы)

Үздік позициялық құжат: Цой Карина (Қытай Халық Республикасы)

БҰҰ ЕҚБ

Үздік делегат: Нахен Ким

Көрнекті делегат: Алишер Багытулы

Үздік позициялық құжат: Есентай Даниал

ЭКОСОС

Үздік делегат: Хома Ноян

Көрнекті делегат: Диас Байгалык

Үздік позициялық құжат: Мирас Усенов

Ұмытылмас және әсерлі шара 

Haileybury Almaty барлық делегаттарға, спикерлерге, оқытушылар мен ұйымдастырушыларға осындай керемет конференция ұйиыдастырылғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Барлық ниет білдірушілерді келесі жылы "БҰҰ Моделі" кезекті конференциясына шақырамыз!

Жаңалықтар
05.06.2026
Haileybury Almaty жазғы STEM-лагері 2026
Осы жазда Haileybury Almaty 5 пен 13 жас аралығындағы балаларға арнап STEM-лагерін ұйымдастырып жатыр. Бұл - білімге құмарлықты, шығармашылықты және мәселелерді шешу қабілетін дамытуға бағытталған практикалық сабақтар.
27.05.2026
Junior School HPL Oscars 2026
Өткен аптада өткен бұл іс-шара шығармашылықты, сенімділікті және High Performance Learning қағидаттарын дәріптеген ерекше мереке болды.
20.05.2026
Haileybury Almaty оқушылары (11 жасқа дейін) FOBISIA ойындарында тамаша нәтижелер көрсетті
Haileybury Almaty FOBISIA ойындарындағы 11 жасқа дейінгі оқушылардың жетістіктері туралы жаңалықтарымен бөлісуге асық. Оқушыларымыз жүзу және жеңіл атлетика сияқты дициплиналарда үлкен табандылығымен, командалық рухымен және спорттық мінезімен ерекшеленді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат