Haileybury Almaty мектебі өзінің белсенді БҰҰ моделі тобын мақтан тұтады

11-сынып оқушылары Әнуар Құл Мұхаммед пен Алинур Саят бастаған бұл топ бұған дейін Монреаль, Алматы және Нью-Делиде өткен БҰҰ моделінің дебаттарына қатысқан.

Осы екі күндік іс-шаралар барысында олар «Үздік делегат», «Үздік комитет» және басқа да марапаттарға ие болды. Біздің командамыздың құрамында Селин Четинелли, Аликсения Мартышева, Николас Стокерманс, Ұлпан Нұрділдә, Мелана ЛаМаскус және Томирис Камитова бар. Біз апта сайын өсіп жатырмыз!

Табыстарының арқасында олар жоғары сынып оқушылары арасындағы ең беделді шараға - Дубайдағы Гарвард университетінің БҰҰ моделіне шақыру алды. Бұл онлайн-шара маусым айында екі күн бойы өтеді және біздің командамызды Ана Муньос Лопера және Стив Стокерманс дайындайтын болады. Директор Саймон Миллс мырза осы беделді шараға қатысу ақысын төлеп, осылайша команданы қолдады.

Қазіргі уақытта БҰҰ моделінің тобы кеңейіп жатыр, ол қызығушылық танытқан тұлғаларды кішігірім онлайн - шараларға қатысуға шақырады. Сол шараларда өзін көрсете алған қатысушылар аймақтық жарыстарға қатыса алады. Келесі күзде біздің топ БҰҰ Haileybury Almaty моделін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл онлайн шараға бүкіл әлемнен қатысушылар шақырылады және біздің тәжірибелі командамы осы жарыс барысында өз тәжірибесін сынайды.

Жаңалықтар
22.02.2023
Unique talents of Haileybury Almaty - Cobis Art Competition 2023 "Who am I?"
Albina Turakbayeva Y12, is a runner-up in the KS5 category of Cobis Art Competition 2023 "Who am I?"
17.02.2023
Физика жарыстарында 11 қола, 8 күміс және 3 алтын марапаттар
Биылғы жылы 29 оқушымыз The Senior Physics Challenge сайысына қатысты, және оның он бірі – қола, сегізі – күміс және үшеуі алтын жүлдеге ие болды.
13.02.2023
Haileybury Almaty қауымдастығы қайырымдылыққа 2 200 000 теңге жинады
Жүрекке жылы тиетін нәтиже: мектеп қауымы Әйелдер баспанасы мен ЮНИСЕФ-ке 2,2 миллион теңге жинады.

Сізге мектебімізді және біз ұсынатын барлық мүмкіндіктерді жақсы түсінуге көмектесетін жаңа функциямызды ұсынуға қуаныштымыз. Виртуалды тәжірибе арқылы сіз мектебіміздің ерекше мүмкіндіктерін, оның артықшылықтарын көріп, қабылдау талаптары мен үдерісімен жақынырақ таныса аласыз.

Виртуалды тәжірибе құрастыру
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат