
Өткен демалыс күндері Haileybury Алматы тарихындағы алғашқы Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі өтті
Біздің 11, 12 және 13 сынып оқушылары БҰҰ-ның төрт Комитетін құрды:
Қауіпсіздік Кеңесі,
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы,
Босқындар Істері жөніндегі Жоғарғы Комиссия
Даму мақсатындағы Ғылым және Техника жөніндегі Комиссия.
Оған әлемнің түкпір-түкпірінен, Қазақстаннан, сондай-ақ Үндістан, Шри-Ланка, Таяу Шығыс және Еуропадан 100-ден астам делегат қатысты. Олардың әрқайсысы өз елінің атынан пікірталастар кезінде өз ұстанымын қорғауға тиіс еді.
Марапаттар мен Құрметті Ескертулер ең жақсы делегаттарға және ең жақсы құжаттарға ұсынылды, бірақ ең бастысы, барлық қатысушылар жақсы уақыт өткізді.
Haileybury тобы әр комитеттің Төрағалығына және БҰҰ Бас Хатшысы және Бас Хатшысының Орынбасары рөліне жауапты болды. Олар пікірталасты бақылауда ұстады, барлық позициялық құжаттарды атап өтті және делегаттардың қызығушылығын қолдады. Ең жақсы дипломаттар сияқты, бәрі дос болды. Ашылу салтанаты кезінде негізгі баяндама жасаған Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич ханымға және жабылу рәсімі кезінде, қазіргі таңдағы әлемдегі маңызды мәселелер бойынша делегаттармен сұрақ/жауаптардың қызу сессиясын өткізген Испанияның НАТО жанындағы елшісі Альваро Иранзо мырзаға ерекше алғысымды білдіреміз.
Қазір көптеген студенттер, осы шабыттандыратын әңгімелерден кейін дипломаттың мансабы туралы ойлануда.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
БҰҰ Моделі (MUN) командасы келесі іс-шараны онлайн және көзбе-көз кездесуді жоспарлауда.
Мұғалім-тәлімгерлер Ане Муньос пен Стив Стокерманға ерекше алғысымызды білдіреміз.