Haileybury Алматы бастауыш мектебінің 2024 жылғы тамыздағы басшылығындағы маңызды өзгерістер

Біз соңғы сегіз жыл бойы бастауыш мектеп жетекшісі қызметін атқарған Мэттью Астонның кететіні туралы хабарлаймыз. Астон мырза Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы Aldenham Prep мектебінің басшысы ретінде жаңа лауазымға ауысады.

Астон мырза Haileybury Almaty бастауыш мектебінде жұмыс істеген уақытында көрнекті көшбасшы болды және біз оның және оның командасының осы уақыт ішінде атқарған тамаша жұмысы үшін оған өте ризамыз. Оның басшылығымен бастауыш мектеп өркендеп, білім сапасы үздіксіз көтеріліп отырды.

Біз Астон мырзаға оның жаңа жоғары қызметіне сәттілік тілейміз. Оның жаңа мектебінде табысты болатынына еш күмәніміз жоқ және оған және отбасына осы жаңа жерде тек бар жақсылықты тілейміз.

Басқа жаңалықтар: тамыз айында Хант-Браун мырза бастауыш мектеп жетекшісінің міндетін атқарушы, ал Грэм ханым бастауыш мектеп жетекшісінің орынбасары болады. Бұл екі жетекші де тәжірибелі қызметкерлер командасының қолдауымен бастауыш мектептегі барлық балаларды оқыту мен оқу деңгейін одан әрі арттыруға ұмтылатын болады.

Хант-Браун мырза үшін Haileybury Almaty бастауыш мектебін басқару, әсіресе Астон мырза сияқты құрметті көшбасшыдан кейін үлкен мәртебе және қуаныш. Бұл рөлде Хант-Браун мырза өзімен бірге соңғы 13 жыл бойы білім беру саласында жинаған мол білімі мен тәжірибесін алып келеді. Ол – барлық оқушыларға жан-жақты, жүйелі білім беру қажет екеніне терең сенетін жігерлі, сезімтал, өз ісіне берілген ұстаз.

Haileybury Almaty  мектебіне келгенге дейін Хант-Браун мырза еңбек жолында орта және жоғары мектептерде әртүрлі лауазымдарды атқарды. Ол Шеффилд Халлам университетінде бастауыш білім беру бакалавры дәрежесін (QTS) алды және тез арада өзін адал және дарынды маман ретінде көрсетті. Хаддерсфилдтегі (Англия) мектепте істеген бірінші жылында ол үлгілі мұғалім ретінде танылды және төрт жыл бойы орта мектеп жетекшісі және сынып жетекшісі ретінде сәтті сабақ берді, содан кейін ол халықаралық деңгейде жаңа тәжірибе іздеуге шешім қабылдады.

Содан кейін Хант-Браун мырза Куала-Лумпурде (Малайзия) халықаралық білім беру саласындағы мансабын бастады, онда ол қаланың қақ ортасындағы беделді халықаралық мектепте сабақ берді. Осы мектепте математика және информатика сияқты бірнеше орта басшы лауазымдарды атқарып, кейін директордың орынбасары қызметіне сәтті ауысты. Куала-Лумпурдағы мектепте көп жылдар бойы табысты жұмыс істегеннен кейін ол жаңа елде және ортада жаңа тәжірибе алуға шешім қабылдады және 2022 жылдың тамызында Haileybury Almaty мектебіне бастауыш мектеп жетекшісінің орынбасары ретінде келді. Осы уақыт ішінде ол білім беру саласындағы аға көшбасшылардың тәжірибесі мен білімін куәландыратын британдық сертификаттың Ұлттық аға кәсіби біліктілігін (NPQSL) алды.

Хант-Браун мырза балаларға да, Haileybury қызметкерлеріне де жиі айтатын «өсу ақыл-ойына» ерекше құмар. Бұл біздің мектебіміз ұстанатын жоғары тиімді оқыту тәсілімен тікелей байланысты және әркімнің биік нәтижелерге жету мүмкіндігі бар деген сенімді қамтиды. Ол сондай-ақ біз өмір бойы оқу процесінде боламыз және әрқашан өзіміздің ең жақсы қаситтерімізді танытуға ұмтылуымыз керек деп санайды.

Хант-Браун мырзаға Haileybury мектебінде және Қазақстанда болуға ұнайды және біздің мектепте әлі де көптеген табысты жылдарды өткізуге қуанышты болады.

 

Грэм ханым өзі оқушыларға ең жақсы білім беруге ұмтылатын адал және еңбекқор ұстаз. Ол Оксфорд университетінде бакалавр дәрежесін және Орталық Лондон университетінде (UCL) PGCE дәрежесін алды. Ол беделді "Teach First" оқытушылық бағдарламасын аяқтап, Лондонда 7 жыл сабақ берді. Ол Haileybury Almaty мектебінде екі жыл бойы жұмыс істеп келеді.

Грэм ханымның бастауыш мектепте әртүрлі жас топтарымен жұмыс істеу тәжірибесі мол және ол басшылық қызметтерді де атқарған. Ол оқу бағдарламаларын әзірлеуге құмар және бұрын Ұлыбританияда ағылшын тілі, математика, ғылым және тарих кафедрасының меңгерушісі болған. Бұл оған бастауыш мектепте оқытылатын негізгі пәндер бойынша құнды түсінік пен тәжірибе берді. Оның әртүрлі пәндерге жетекшілік ету тәжірибесі оны бастауыш мектептің оқу бағдарламасын әзірлеу үшін пән жетекшілерімен бірге жұмыс жасауға аса құнды.

Грэм ханым бізге 2021 жылы алтыншы сыныптың жетекшісі ретінде қосылды және содан бері бесінші және алтыншы сынып жетекшісіне дейін көтерілді. Ол мектептегі оқыту мен оқудың стандарттарын көтеруге белсенді түрде ұмтылады және оның мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізудегі маңызды рөлі даусыз. Қазіргі уақытта ол бастауыш мектеп жетешісінің орынбасары қызметін атқарады, сондай-ақ үздіксіз кәсіби даму (CPD) және мұғалімдерді дамыту мәселелері бойынша барлық мектеп қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеуді ұнатады.

Грэм ханымның шәкірттері оның балаға бағытталған білім беру тәсілінің және әр оқушының қолдауының арқасында әрқашан жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Жақында ол өзінің мамандығы бойынша оқыту мен оқуға бағытталған NPQ бағдарламасын аяқтады. Грэм ханым әр баланың жеке оқуына үлкен мән береді және балалардың тәрбиесі мен қолдауы олардың оқу үлгерімінде маңызды рөл атқаратынын біледі. Ол әр балаға ең жақсы білім беру стандартын ұсынуға тырысады және өзінің жаңа рөлін асыға күтеді.

Біз оның осы лауазымды алғанына өте қуаныштымыз және оның құнды үлес қосатынына сенеміз. Барлық қызметкерлерге алдағы оқу жылында жаңа қызметтерінде табыс тілейміз.

 

 

Жаңалықтар
28.09.2023
Haileybury Almaty Ғылыми олимпиадасы 2023
Ғылыми олимпиада Haileybury Almaty мектебінің A-Level бағдарламасы бойынша оқуға арналған гранттар конкурсының бірінші кезеңі болып табылады.
26.09.2023
Пікірсайыс әуесқойлары үшін керемет жаңалық.
Haileybury Almaty мектебі Haileybury Astana-мен бірлесе отырып, пікірсайыс әуесқойларын 14 қазанда өз бағын сынап көруге шақырады.
26.09.2023
Асанәлі Әшімовпен қазақ мәдениетіне және кино әлеміне шолу!
Біз кино саласының қайраткері, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімовпен кездесу құрметіне ие болдық!

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат