Haileybury Almaty Mad Maths Morning 2018

Haileybury Almaty Mad Maths Morning 2018

Бейсенбі күні таңертең жыл сайын ұйымдастырылатын «Haileybury Almaty Mad Maths Morning» атты викторина ғажайып сыр мен құпияға толы математикалық лабиринтке айналды. 

Біздің бастауыш сынып оқушылары (1-6-сыныптар) қызықты математикалық ойынға қатысып, формулалар мен теңдеулер арқылы тапсырмалар шешімін табуға тырысты. 

Осы викторина барысында  сыни тұрғыдан ойлау мен дискуссияны дамыту мақсатында құрылған логикалық және аналитикалық есеп үлгілерінің, қалыпты емес шешім таба білу, түрлі бейнелердегі байланыстарды табу, оларды  әр қырынан түсіну, пайымдай білу тапсырмаларының күәгері болдық.

Оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып түрлі  тапсырмалардың шешімін  табуға тырысты, өзара сұрап қойып, өзара талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.

Бірлесе жұмыс істей отырып математикалық ойлаудың қыр-сырын түсінді.  Біз оқушылар арасындағы ерекше белсенділіктің, Haileybury дағдылары негізінде өзара ақылдаса отырып шешім  шығара білудің  күәсі болдық.  Сексен қызметкер және алтыншы сатының көптеген оқушылары командалар капитаны, төрешілер рөлін атқарды.

Олардың бәрі де оқушылардың өзара талқылауларының, ересек балалардың кішілерге математикалық ақиқатты түсіндіріп жатқанын, біздің хейлибериліктердің ортақ мақсатқа қол жеткізуге тырысып жатқандарын көрудің өзі бір ғанибет екенін ерекше атап өтуде. Шынайы топтық жұмыс, шынайы оқыту, шынайы тәжірибе. Біздің оқушылар білім алу үшін барлық мүмкіндікті пайдалана біледі.

Біз барлық оқушыларды математикадағы жетістіктерімен құттықтаймыз және енді оқушылар қандай да бір  есеп шығаратын кезде математиканың оларға не үшін керек екенін естеріне түсіреді ... себебі ол біздің білімімізді тереңдете түседі.Біздің оқушылар мен  барлық қызметкерлерге өзара және мектеп қоғамдастығы үшін жасап жатқан еңбектері үшін үлкен рақмет айтамыз.

Vivat Haileyburia - Sursum Corda!

Жаңалықтар
16.06.2022
Technovation Semifinalists TOZBE App
Haileybury Almaty оқушылары Technovation жартылай финалистері болды
13.06.2022
Art Auction 2022
Haileybury Almaty ата-аналар ассоциациясы ұйымдастырған өнер аукционында 2 миллионнан астам теңге жиналды.
06.06.2022
Careers Day, June 21st
Біз сіздерді қазіргі уақытта университет пен мамандықты таңдауды жоспарлап жүрген оқушыларға арналған біздің жыл сайынғы «Маңсап күні»
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат