Мирон мен Амирлан IMO 2025 олимпиадасының күміс медаліне ие болды

🇰🇿 Қазақстандық оқушылардың IMO 2025 олимпиадасындағы жетістіктері: әлемнің математика бойынша әлемнің басты олимпиадасында — алты медаль

Биыл Австралияда өткен Халықаралық математика олимпиадасында (IMO) 13-сынып оқушысы Мирон мен 12-сынып оқушысы Амирлан күміс медаль жеңіп алып, баршамызды қуантты.

IMO-ға 112 елден 650-ден астам дарынды оқушы қатысты. Бұл әлемнің ең үздік жас ойшылдарының бәсекесі болды. Қазақстан құрамасы ерекше білімін көрсетіп, 6 медаль (4 күміс және 2 қола) жеңіп алып, командалық есепте 17-орынға тұрақтады.

Мирон мен Амирланның бұл жетістігі — олардың еңбекқорлығының, терең білімінің және математикаға деген шынайы сүйіспеншілігінің нәтижесі. Олардың табысының арқасында Қазақстан құрамасы әлемдік аренада абыроймен өнер көрсетті.

🎉 Қазақстан құрамасын, олардың тәлімгерлерін және отбасыларын осындай тамаша жеңіспен құттықтаймыз!

📘 Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) 1959 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан, әлемдегі ең беделді академиялық жарыстардың бірі саналады. Қазақстан бұл олимпиадаға 1993 жылдан бастап қатысып келеді және осы уақытқа дейін 16 алтын, 55 күміс және 81 қола медаль жеңіп алған.

Жаңалықтар
23.02.2026
Айлин беделді Crown Cup халықаралық би турнирінде жеңімпаз атанды
6-8 ақпанда Айлин деген оқушымыз жыл сайын Дубайда өтетін әлемге әйгілі Crown Cup бал билері турниріне қатысты. Біздің оқушылар бал билері әлеміндегі ең маңызды шаралардың бірі болып табылатын осы беделді байқауға екінші жыл қатарынан қатысуда.
19.02.2026
British Mathematical Olympiad (BMO), 2-кезең нәтижелері
Биылғы жылдың қаңтар айында British Mathematical Olympiad (BMO2) 2 кезеңіне қатысқан оқушыларымыздың тамаша нәтижелерімен қуана бөлісеміз.
18.11.2025
Haileybury Almaty оқушылары 10 Outstanding Pearson Learner Awards (OPLA) марапатын иеленді
Haileybury Almaty-ның жеті оқушысы Pearson Edexcel 2024/25 емтихандары бойынша жоғары көрсеткіштері үшін 10 Outstanding Pearson Learner Awards марапатын алды.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат